Бейсенбі, 29 қараша 2012 7:47
Кезінде елде жүргенде емін-еркін асыр салған Әбіләзов БТА банктегіқылмыстық әрекеттерін іске асырып, қомақты ақшаны қалтасына басқанкүйі шетелге қашқаны белгілі. Мәселен, сонау 2008 жылы әлемдежаһандық қаржылық тапшылық басталғанда ол осы сәтті де тек өзінепайдалана білді. Ол кезде Америка, Еуропа банктері, кәсіпорындары,сақтандыру компаниялары бірінен соң бірі құлдырауға ұшырайбастаған. Бірақ бұл кезде Қазақстан дағдарысқа қарсы үлкенбағдарлама дайындады. Мемлекет отандық экономиканы қолдау үшінмиллиардтаған доллар бөлді.
Бейсенбі, 29 қараша 2012 7:47
Кезінде елде жүргенде емін-еркін асыр салған Әбіләзов БТА банктегіқылмыстық әрекеттерін іске асырып, қомақты ақшаны қалтасына басқанкүйі шетелге қашқаны белгілі. Мәселен, сонау 2008 жылы әлемдежаһандық қаржылық тапшылық басталғанда ол осы сәтті де тек өзінепайдалана білді. Ол кезде Америка, Еуропа банктері, кәсіпорындары,сақтандыру компаниялары бірінен соң бірі құлдырауға ұшырайбастаған. Бірақ бұл кезде Қазақстан дағдарысқа қарсы үлкенбағдарлама дайындады. Мемлекет отандық экономиканы қолдау үшінмиллиардтаған доллар бөлді. Қаржылық көмектің тиімділігін арттыру үшінақшаны екінші деңгейлі ірі банктер арқылы өткізу ұйғарылды. Оныңарасында директорлар кеңесінің төрағасы Әбіләзов болып табылатынБТА банкі де бар еді. Міне осы кезде банкир халықтың ақшасына баюдыкөздеді. Қаржыны миллиардтап ұрлады. Ақыры банкке тексерушілер келді.
Әрине, мұны Әбіләзов күтпеген еді. Аудит БТА да қаржылық түйткілдер жатқанын бірден байқады. Банк тіпті банкроттық жағдайға жетіп, ал оған салынған инвесторлар ақшасы шетелдік компаниялардың есебінде болып шықты. Тек атүсті қарағанның өзінде тексерушілер банкте бірнеше миллиард доллардың жетіспейтіндігін аңғарды. Сонан ақыры Әбіләзовті лауазымынан босатты. Оның қызметі салымшылар мен несие берушілердің мүддесіне қайшы болып шықты. Әбіләзов енді өзіне қауіп төніп, қайыра сотталатынын, онда да ұзақ қамауға алынатынын сезді. Көп ойланбаған отандық банктің «білгірі» банкке рейдерлік шабуыл жасалды деп жалған айтып, өзі шет елге тайып отырды.
Мұны айтып отырған себебіміз, ол елдегі осы құйтырқы қулық амалдарын жасыру үшін небір айла-әдістерге жүгінді. Өйткені, ол миллиардтаған долларды ұрлаған соң жауапқа да тартылып, сотталатынын жақсы білді. Алдында да ол қызметін асыра пайдаланып, заңсыз кәсіптік іспен айналысқаны үшін бірнеше жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Сондықтан Әбіләзов о бастан-ақ өзін саяси көзқарасы үшін қуғындалып жатқандай етіп көрсетуге тырысып бақты. Ол үшін бірқатар телеарналар мен сайттарды пайдаланды. Бірақ ондағы мәліметтер ешқандай шындыққа жанаспады. Өйткені, аталған телеарналар мен сайттарда адам сенетіндей жағдай жоқ еді. Соның бірі К+ телеарнасы және онда Әбіләзов туралы жүргізілген хабарлар болып табылады.
Себебі, бұл телеарнаның басқа телеарналардан айырмашылығы бірден көзге шалынады. Біріншіден, аталған сайтта ешқандай мәтіндік жаңалықтар жоқ, тек онлайн-хабарлау терезесі бар. Осының өзі-ақ адамды күдіктендіреді. Өйткені, ірі телеарналардың яғни, сайттары барлардың бәрінде тек қана бейнеролик емес, оларда мәтіндік жаңалықтар да жеткілікті. Мәтіндік анықтамалар қажетті жаңалықтарды тез табу үшін және маңызды жаңалықтарға қолданушылардың тез қол жеткізуін жеңілдету үшін аса қажет. Ал бірақ К+-те мұндай ештеңе жоқ. Жалғыз ғана қолданушыға қолжетімділігі бұл қолданыстағы онлайн-хабарлау мен YouTube-те орналасқан мәні саяз роликтер мұрағаты ғана. Бұл аталған телеарнаның бейнематериалдарды сақтайтын өзінің сервері жоқтығын білдіреді.
Екіншіден, телеарнада жаңалықтардан басқа ештеңе жоқ. Онда авторлық та, сараптамалық та, пікірталастық та, музыкалық та бағдарламалар ойластырылмаған. Дәл былайша, медиа-холдингтерді айтпағанның өзінде, ірі телеарналар өз қызметтерін жүргізбейді. Олар керісінше, көрермендердің талабына сәйкес бағдарламаларды көрсетуге тырысады.
Сонымен, К+ телеарнасының барлық жаңалықтарының мазмұны, сайып келгенде, Қазақстандағы жалған оқиғаларға құрылған өсек-аяңдар мен тыйым салынған газеттердің айналасындағы бос әңгімелер. Тіпті кейде бұл телеарна жоғарыда айтылған жалған оқиғалардан басқа Қазақстанда және Орталық Азия бойынша атқарылып жатқан ізгілікті жұмыстарды көрмейтін секілді.
Үшіншіден, аталған телеарна өзінің қызметкерлері туралы ешқандай мәлімет бермейді. Өйткені, телеарналардың қарапайым тәжірибесі бойынша қажетті материалдарды түсіретін, шығарылымдар мен бағдарламаларды жасайтын өзінің редакциясы туралы нақты мәліметтерді беруі ереже болып табылады.
Төртіншіден, К+ телеарнасының сайтына кірген қолданушылардың есебінің жоқтығы бірден көзге шалынады. Мәселен, қазақстандық ірі телеарналардың сайтын орташа есеппен күніне 3000 қолданушы пайдаланады. Ал К+ сайтына қанша адам кіретіні редакциялық құпия секілді. Бұл Қазақстандағы көптеген кері құрылымдағы сайттардың өзіндік жолы болып табылады. Өйткені, олар кейін бұл сандарды өз қалауларынша айналдыра салуы оп-оңай.
Бесіншіден, К+ телеарнасының сайтында сараптамалық материалдар мүлде жоқ деуге болады. Оларды бұл қазақстандық, ресейлік, не батыстық толыққанды телеарналардың әртүрлі хабарлар мен өрнектелген сайттарымен салыстыру мүмкін емес. Міне, осылайша жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келсек, К+ бұл жер серігі және Интернет арқылы хабар тарататын және жаңалықтар беретін қарапайым құралдармен жабдықталған кәсіпқойлы емес телеарна болып табылады. Өйткені, осындай техникалар мүмкіндігімен мұндай хабарларды жүргізу аз ғана бюджет есебінен мектеп оқушыларына да қолжетімді.
Аталған телеарнада тілшілер жүйесіне де қаражат жетіспейді. Сайтта кез келген бір оқиғаны түсірген адамның хабарын редакцияға жолдау туралы шақырған ақпараттар өте көп. Мұндай амалды тек толыққанды тілшілер жүйесін ұстай алмайтын қулар ғана жүзеге асырады. Сондай-ақ, телеарна толыққанды өзінің материалдарын да қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, телеарнада өзінің студиясы да жоқ секілді. Себебі, жаңалықтар кезінде бейне түсірлім студияны білдіретін бөлмеден жүргізілгені байқалады.
Алтыншыдан, телеарнаның бейне блоктары бір-біріне ұқсастығы бірден байқалады. Әрине, әлемде бейне блоктардың «телеарна» атынан берілетін мысалдары аз емес. Мәселен, бұған Gypsi TV & Radio цыған телеарнасы мен радиосы жатады. Бірақ, олардың деңгейі жоғары болмаса да, оларда бейне түсірлімдерді қысқаша болса да талдайтын материалдардың қоры бар. Бұл жағдайда К+ цыған телеарнасынан кем соғып жатқаны айдай ақиқат.
Жетіншіден, аталған К+ телеарнасы Әбіләзовпен тығыз байланысты. Ол тек белгілі екі қылмыскер Әбіләзов пен Әлиевті белсенді насихаттаумен ғана емес, ұры Қажыгелдинді де жаңа қырынан сипаттайды. Сонымен қатар, ескеретін бір жайт, телеарнаның Мәскеудегі мекенжайы Студенттер көшесіндегі «Республика» газетінің редакциясының мекенжайымен тура келеді. Ал бұл екі БАҚ (К+ телеарнасы мен «Республика») Ресейде ғана бұқаралық ақпарат құралдары ретінде тіркелген.
Сонымен, қорытындылай келгенде нақты айтарымыз, аталған телеарна қызметі Әбіләзовтің үгіт-насихатын шындыққа айналдыруға ғана бағытталған секілді. Ал бірақ, егер бұл телеарна Қазақстандағы және Орталық Азиядағы барлық болып жатқан оқиғаларды тұтасымен көрсете алмаса, ол қалайша тәуелсіз болып саналады? Өйткені, онда жаңалықтардың мұрағаты жоқ және қызметкерлері жасырын болса, не деуге болады?
К+ телеарнасы, нақты айтқанда, телеарна емес, бар-жоғы әбіләзовтік бейнеблок болып табылады. Алайда, оның қорлары мен қаржылары тәмамдала келгенде, бұл бейнеблок та тоқтайды деген сөз.