• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2019

Семейдегі Жарқын ауылына жарқын болашақ керек

925 рет
көрсетілді

Семей қаласының әкімі Ермек Сәлімов Жарқын ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындары әкімге ойларында жүрген ұсыныстарын, проблемаларын айтты. Ауыл күннен күнге үлкейіп келе жатқандықтан, тұрғындар үшін жер телімін алу басты мәселе болып тұр.

- Біздің ауылда халық саны жыл санап артып келеді. Балаларымыз, немере-шөберелеріміз бар. Үй салып алайық десек, ресми құжатталған жер телімі қажет болып тұр,- деді ауыл тұрғыны Берік Бекбаев.

Кездесуге қатысушы қалалық әкімдіктің жер қатынастары бөлімінің өкілі берілетін жер талапқа сай болуы керек, сол жағы қаралған соң жер беріледі дегенді айтты. Қала әкімі Ермак Сәлімов заң бойынша барлық талаптарды қарап, тұрғындарға неғұрлым тезірек көмек қолын созуға шақырды. Кездесу барысында Жарқын ауылының тұрғындары жолдың нашарлығын, жол белгілерінің жоқтығын айтты. Семей ақпараттық орталығының мәліметінше, алдағы уақытта облыс бюджетінен 10 миллион теңге осы Жарқын ауылында балалардың футбол алаңын тұрғызу үшін бөлінетін болды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,                     

«Еgemen QAZAQSTAN»