• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2019

Қарағанды облысында «қарапайым заттар экономикасы» аймақтық жобалау кеңсесі іске қосылды

814 рет
көрсетілді

Аталған кеңсе аймақтық Кәсіпкерлер палатасының базасында құрылған. Кеңсе басым жобаларды жеңілдетілген пайызбен несиелеу бағдарламасының жұмысын мониторингтен өткізуді көздейді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның құрамына кәсіпкерлік басқармасының, өнеркәсіп және индустриялық - инновациялық даму басқармасының, ауыл шаруашылығы басқармасының және «Даму» КДҚ АҚ өкілдері кірді.

Кеңсе жұмысының негізгі бағыты басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу, кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру және кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау болып табылады.

- Бастапқы қайта өңдеу өнімдерінен бастап дайын өнім өндіруге дейінгі өндірістік циклдің барлық кезеңдерін дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Мамандар сондай-ақ кәсіпорындардың диагностикасын анықтап, жергілікті атқарушы органдармен бірге құжаттама, кепілдендіруді қамтамасыз ету, өткізу нарықтарын іздестіру саласында туындайтын проблемалық мәселелерді шешетін болады, - деп түсіндіреді аймақтық жобалау кеңсесінің төрағасы Ернар Күлпеисов.

Оның айтуынша, жобалау кеңсесі бизнес жобаларын бизнес-жоспарды әзірлеу сатысынан қаржыландыруға дейін сүйемелдеу, жобалардың тұрақты мониторингін жүзеге асыру, банктер несиелендіруден бас тартудың себептерін анықтау, оларды қолдау бойынша жаңа тетіктерді ұсынады.

- Жобалық кеңсенің түсіндіру кездесулері апта сайын кәсіпкерлер палатасында өтеді, - деді Ернар Күлпеисов.