Жолы бойындағы бизнес көздерін дамыту мақсатында 41 кешен салынатын болады. «Қазавтожол» ұлттық компаниясы инвесторларды осы мақсаттағы әріптестікке шақырып отыр. Бизнес өкілдеріне жол бойы нысандары инфраструктурасын орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінетін болады. Жол бойы бизнесін дамытуда жанармай бекеттерін, қонақ үйлер, кафелер, көлік жуатын орындар мен техникалық қызмет көрсету орталықтары, демалыс орындарын дамыту көзделген.