Қазақстанның Тұңғыш Президенті Алматы облысы Қарасай ауданына барған сапарында бірге оқыған сыныптастарымен және бала кездегі достарымен кездесіп, әңгімелесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында Елбасының ескі достары өздерінің естеліктерін бөлісіп, өңірдің қазіргі даму жағдайын талқылады.