Конференцияда дала өркениетінде алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігін дәлелі болып табылатын Ботай мәдениетінде ұзақ жылдардан бері тарих ғылымының докторы, профессор, Герман археологиялық институтының корреспондент мүшесі В.Ф.Зайбертің жетекшілігімен жүрген және әлемдік деңгейдегі жетекші ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелері сараланды.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Дания, Қытай, Германия, Литва, Италия т.б елдерден келген ғалымдар қатысты.
Сонымен қатар бұл конференцияда Ғылым жəне жоғарғы білім саласына сіңірген орасан зор еңбегі үшін Алан Оутрам мырзаға «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті докторы» атағы берілді.