• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 10 Сәуір, 2019

Парламент бюджетке енгізілген толықтыруды қабылдады

849 рет
көрсетілді

Қазақстан Парламенті «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын қабылдады.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары құжатқа Сенат енгізген өзгерістермен келісті. 

«Парламент Сенаты аталған заң жобасына Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға негізделген түзетулер енгізді. Осы орайда азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің бөлек санаттарының жалақысын арттыру мерзімін биылғы 1 шілдеден 1 маусымына ауыстыруға қатысты. Жалпы, республикалық бюджет шығыстарын 38 млрд теңгеге арттыру ескерілген», - деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Серік Құсайынов. 

Осы орайда ол аталған комитет Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісетінін атап өтті.