• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Сәуір, 2019

Велоспорттан рейтингілік турнир: Сайфутдинова 8-орында

712 рет
көрсетілді

Бұл күндері Тайландта велоспорттан әйелдер арасындағы рейтингілік халықаралық турнир өтуде. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысып жатыр. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Бірінші және екінші кезең қорытындысы бойынша Қазақстан сапынан ең жоғары нәтижені Наталья Сайфутдинова тіркеді. Ол сегізінші орыннан көрінген. 

Рената Сұлтанова 13-ші, Светлана Пащенко 33-ші, Анжела Соловьева 44-ші, Амилия Искакова 59-шы сатыда. 

Екінші кезеңдегі ең жоғарғы нәтиже де көңіл көншітпейді. Сайфутдинова мәреге 13-ші болып келген.