«Біз таза қала үшін» жастар акциясына 30 ерікті қатысты деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Астана жастары» ресурстық орталығы және Басқару колледжінің «Бригантина» экологиялық-туристік клубы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының қолдауымен «Біз таза қала үшін» дәстүрлі акциясын өткізді.
«Дүйсенбі күні студенттер Көктал-1 тұрғын алабында Бабатайұлы көшесіндегі гүл бағының аумағын ретке келтірді. Олар тротуарлар мен көгалдардағы қоқыстарды жинап, қоршауларды хабарландырудан тазартты», – деп мәлімдеді «Астана жастары» орталығында.
Акцияға 30 ерікті қатысып, 20 қап қоқыс жинады.