• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2019

№28 көшесі арқылы қатынайтын барлық бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылды

886 рет
көрсетілді

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №28 көше арқылы қатынайтын барлық бағдардың қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Жол 6 сәуірден жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жабық болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«№46 бағдар бастапқы Қарасу көшесі аялдамасынан Мәңгілік ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысына дейін әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес жүреді. Одан әрі қоғамдық көлік солға бұрылып, Ұлы Дала даңғылы арқылы  соңғы Арнау Т/К аялдамасына жетеді. Қоғамдық көлік кері бағытта да осы сызбаға сәйкес қатынайтын болады», – деп мәлімдеді «Астана LRT» компаниясында.  

№ 70 бағдар бастапқы «Азамат» шағынмаркеті аялдамасынан Мәңгілік ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз қатынайды. Одан әрі автобус солға бұрылып, Ұлы Дала даңғылының бойымен соңғы Арнау Т/К аялдамасына дейін жетеді. Қоғамдық көлік кері бағытта да аталған сызба бойынша жүретін болады.