• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 11 Сәуір, 2019

Бақтияр Мәкен: Сенім қалыптастыратын сайлау

1068 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты,«Bolashaq» қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы Бақтияр Мәкен кезектен тыс сайлауға қатысты пікір білдірді. Депутат өз сөзінде Президенттік сайлауды кезектен тыс өткізудің маңызына тоқталды.

«9 сәуір күні Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жариялады. Сайлау 2019 жылдың 9 маусымына жоспарланған. Бұл шешім мемлекетіміз үшін қазіргі уақытта өте маңызды. Біз, Қазақстан халқы, бұл сайлаудың еліміздің сеніммен алға жылжуына көмектесетінін түсінуіміз керек. Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамыту және сыртқы серіктестермен қатынастарды нығайту үшін сайлауды алға жылжыту қажеттілігін атап өтті. Кезектен тыс сайлау өткізу Қазақстанның дамуына, өсуіне және қазіргі уақыттағы республикамыздың саяси жағдайға бейімделуіне арналған. Бұл шешім мемлекетіміз үшін тиімді», деді Б.Мәкен. 

Сондай-ақ ішкі және сыртқы саясатта сабақтасты қалыптастыру үшін сайлаудың алар орны зор екенін атап өтті.

«Жаһандық үдерістерге қатысу үшін елде ішкі тұрақтылық қажет. Еліміздің әрбір азаматы өз дауысын беріп, республикамыздың қандай бағытта дамитынын анықтауға өз септігін тигізу өте маңызды. Халық сайлаған Президент ел дамуының бағытын анықтап ғана қоймай, елімізді халықаралық аренада таныстырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әлемдегі жағдай күрт өзгереді. Әрі халқымыз үшін мұның әсері мол. Біз ішкі және сыртқы саясатымыздың сабақтастығын, болжамдылығын және тұрақтылығын нығайтуымыз керек. Әлеуметтік бағдарламаларды және Елбасының стратегиясын тиімді, табысты іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруымыз қажет», деді Мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ Б.Мәкен қазір Қазақстан халқы үшін өте тағдыршешті сәт екенін атап өтіп, 9 маусымда сайлауға белсенді қатысуға шақырды.