Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің кейбір әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке «таусылмайтын қоржын» ретінде қарайды. Бізде тиімсіз шығындар көп», деді. Бұл туралы Ақорданың туиттердегі парақшасы хабарлады.
Сондай-ақ, Президент жемқорлыққа қатысты пікірін білдірді.
«Жемқорлық, бұл – батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Осындай дертке қарсы мықты дәрі қолданбасақ, одан арылу мүмкін емес. Сондықтан, біз тиісті іс-шараларды одан әрі жүзе асыра береміз».
Шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолдау керегін де атап өтті.
«Адал еңбегімен табыс табатын кәсіпкер – мемлекеттің тірегі. Ол халықты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтің әл-ауқатын арттыруға үлес қосады. Сондықтан, шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсету қажет», деді Қ.Тоқаев.