• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Сәуір, 2019

Слаломды есуден Қазақстан командасы Испанияда жаттығу жиынын өткізуде

761 рет
көрсетілді

Байдарка мен каноеде слаломды есуден Қазақстан ұлттық құрамасы Испанияның Ла Сеу Де Уржель қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаттығу жиыны арнайы физикалық дайындықты арттыруға бағытталған. 

Қазақстан командасы сапынан төрт спортшы мен екі жаттықтырушы қатысуда. 

Атап айтар болсақ, Камила Сафина, Қуаныш Еренғайыпов, Әділ Аманбаев және Александр Куликовтер шеберліктерін арттырып жатыр. 

Жаттығу жиыны 21 сәуірге дейін жалғасады.