Өткен тәулікте Қазақстан шекарашылары жалған мөр басылған құжаттармен мемлекеттік шекарадан өтпек болған төрт
Өзбекстан азаматын ұстады деп хабарлайды ШҚ баспасөз қызметі.
Жалған мөрмен ұстау дерегінің бірін «Астана» шекаралық бақылау отрядының шекара наряды жүзеге асырды. «Нұр-Сұлтан-Ташкент» бағытындағы HY 722 әуе рейсінен көші-қон полиция бөлімдерінің бірінің жалған мөрін басып, тіркеуді 2019 жылдың 13 мамырына дейін ұзартып алған 1996 жылғы өзбекстандық ұсталды.
Елдеріне қайтып бара жатқан тағы үш Өзбекстан азаматтары Сарыағаш шекара отрядының «Жібек жолы-авто» бөлімшесінде ұсталды. Олардың құжаттарында Алматы облысы бойынша көші-қон полициясының қолдан жасалған мөрі басылыпты.