• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Сәуір, 2019

Алматы метро бекеттерінің бірінде ақысыз WI-FI іске қосылды

914 рет
көрсетілді

Уақыт үрдісіне сай қазір өмір ағысын ғаламторсыз елестету мүмкін емес. Кез-келген жерде жоғары жылдамдыққа ие мобильді интернет болса құба-құп. Алматылықтарды қуантқан жақсы жаңалықтың бірі шаһардағы метро бекеттерінде тегін WI-FI іске қосылғаны туралы ақпарат. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

Әзірге ақысыз ғаламтор қызметі «Жібек жолы» метро бекетіне орнатылған. Әкім орынбасарының айтуынша, алдағы жартыжылдықта тегін WI-FI  қызметі қалған 8 бекетте де іске асатын болады. Ерлан Әукенов өз жазбасында  әлеуметтік желідегі «қоғамдық көлік» парақшасының жазылушыларына осы идеяға түрткі болғаны үшін алғыс айтты.

АЛМАТЫ