11 сәуір күні сағат 22.00 шамасында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің әскери жасағы Жансүгіров көшесінің бойындағы аялдама артына тығылып қалған мас адамды байқайды. Жауынгерлердің жақындағанын көрген ол балағат сөздер айтып, агрессивті іс-әрекет танытады деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Жасақ бастығы ефрейтор Аян Саденов патрульдер ефрейтор Ернар Құдайбергенұлы және қатардағы Бірлік Күндебайұлымен бірге полиция старшинасы А.Ғанибекұлының бұйыруы бойынша нұсқауға сәйкес әрекет етіп, тәртіп бұзушыны тыныштандырмақ болады.
Ол заң талаптарын түсіндірмек болған әскерилерге қарсылық танытып, ұландық сарбаздың біріне жұдырық жұмсайды. Жасақ жауынгерлері жедел қимылдап, бұзақыны құрықтайды. Тәртіп бұзушы мән-жайды әрі қарай анықтау мақсатында Шымкент қаласы Әл-Фараби аудынының полиция басқармасына жеткізіледі.