• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Сәуір, 2019

Нұр-Сұлтан – Прага – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жаңа әуе маршруты ашылды

916 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан – Прага – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жаңа әуе маршрутының ашылуы қарсаңында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Қазақстандағы Чехия Республикасының елшісі Рудольф Хиклмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерінің ашылу мәселесі талқыланды. Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының халықаралық бағыттарға ұшу географиясын кеңейту жөніндегі жұмыс аясында «SCAT» әуе компаниясына Нұр-Сұлтан – Прага – Нұр-Сұлтан  халықаралық әуе бағытына ұшу сертификатын берді. 

Компания осы жылдың маусым айынан бастап, аталған бағытта аптасына 2 рейс жиілігімен Boeing-737 ұшағында тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл рейстің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуеті мен туристік саласын дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ, осы кездесуде Чехияда өндірілген шағын авиацияның  ұшақтарын жеткізу және  елімізде ұшқыштарды дайындау мәселелері талқыланды.