Болгарияның София қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде жекелеген және топтық жаттығулар аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл сында ресейлік Александра Солдатова жеңімпаз атанса, израильдік Линой Ашрам екінші, болгариялық Катрин Тасева үшінші орын иеленді.
Қазақстан атынан қатысқан Адиля Тілекенова мен Даяна Әбдірбековалар тиісінше 23-ші және 42-ші сатыдан көрінді.
Топтық жаттығуды Қазақстан құрамасы 10-шы орынмен аяқтады.