Алғашқы екі айналымда АҚШ-тың қос ойыншысы Кристиан Элшон мен Стефан Козловты қапы қалдырған жерлесіміз ширек финалда тағы америкалық теннисші Харрисон Адамспен шеберлік байқасты.
22 жастағы Адамс әлемдік рейтингте 444 орында тұр. Дмитрий Попко АТР тізімінде 623 сатыға жайғасқан. Соған қарамастан жеңіске жету үшін отандасымыз бұл бәсекеде барын салып, көздеген мақсатына қол жеткізді. Үш сеттік сайыс 6:4, 4:6, 6:3 есебімен аяқталды.
Жартылай финалда тағы да жергілікті теннисшімен кездесті. АТР тізімінде 470 орында тұрған 25 жастағы Александр Ричардты ұту оған еш қиындық туғызған жоқ. Дмитрий 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Финалда отандасымыз АҚШ-тың ойыншысы Себастьян Кордпен күш сынасады.