• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Сәуір, 2019

Экспортталатын тауарлар көшін ұн мен жарма бастап тұр - АШМ

1077 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров Үкімет отырысында шикізаттық емес экспортты ілгерілету және Ұлттық экспорттық стратегияны іске асыру барысы туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің үздік тобына ұн мен жармадан басқа (41,4%) өңделген өнім экспортының 12,4 %-ын алатын – тоңмай және май өнімдері, кондитерлік бұйымдар (9,2 %), балық өнімдері (4,1%), табиғи шырындар (4,2%), макарондар мен ұннан жасалған өнімдер (4,7%), сондай-ақ ет және сүт өнімдері (5,5%) кіреді екен. Сондай-ақ өнімнің  7%-ы көлеміндегі мақта талшығы және 6,9%-ы көлемінде өңделген жемшөп (күнжара, кебек) экспортталады.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша экспорттың әртараптандырылғаны байқалады. Сары май экспорты 7,6 есе, рапс майы 3,1 есе, балық өнімдері 4,5 есе, ет өнімі 2,7 есе, күнбағыс майы 20,8%-ға, макарон өнімдері 28,4%-ға өсті» деді Министр.