• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Тамыз, 2012

Сөз бен іс

246 рет
көрсетілді

Сөз бен іс

Бейсенбі, 16 тамыз 2012 7:45

Кімнің кім екені есеп беруде айқындалады

Шіліңгір ыстықта шып-шып терлеп жүрген Оңтүстік Қазақстан облысының аудан, қала әкімдері өткен аптада облыс әкімінің алдында жарты жылдың қорытындысы бойынша есеп беріп, тіптен су терге түсті. Есеп беру – осыған дейін атқарылған істерді сараптау, баға беру және алда орындалуы тиіс істерді жұптап, бағдарлап алу екені анық. Әрине, іске қосылған, пайдалануға берілген, ел игілігін көріп жатқан тірліктерді ешкім ұрлап алып кетпейді. Қай әкімнің тірлігі қандай екенін ел де, облыс басшысы да алақандағыдай көріп отыр. Содан болар Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің есеп алу барысында үстел тоқпақтамастан-ақ, әр мәселеге байыппен қарап, кемшін тұстарды дөп басып, істі нақты талап етуі аудан, қала әкімдерін әжептәуір абыржытып тастады.

 

Бейсенбі, 16 тамыз 2012 7:45

Кімнің кім екені есеп беруде айқындалады

Шіліңгір ыстықта шып-шып терлеп жүрген Оңтүстік Қазақстан облысының аудан, қала әкімдері өткен аптада облыс әкімінің алдында жарты жылдың қорытындысы бойынша есеп беріп, тіптен су терге түсті. Есеп беру – осыған дейін атқарылған істерді сараптау, баға беру және алда орындалуы тиіс істерді жұптап, бағдарлап алу екені анық. Әрине, іске қосылған, пайдалануға берілген, ел игілігін көріп жатқан тірліктерді ешкім ұрлап алып кетпейді. Қай әкімнің тірлігі қандай екенін ел де, облыс басшысы да алақандағыдай көріп отыр. Содан болар Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің есеп алу барысында үстел тоқпақтамастан-ақ, әр мәселеге байыппен қарап, кемшін тұстарды дөп басып, істі нақты талап етуі аудан, қала әкімдерін әжептәуір абыржытып тастады.

Әрине, әңгіменің әлқиссасында Оңтүстіктегі ел сүйсінер игілік­тер­дің бәрі де Елбасы бастап, халық қостап атқарылып жатқан жасампаз жұмыстың жемісі екенін атап айту парыз. Осы істің қай-қайсысы да облыстың экономикалық-әлеу­меттік дамуына сүбелі үлес болып қосылуда. Бұл шаруаның барлы­ғының басы-қасында аудан, қала әкімдері тұрғаны тағы талассыз. Біз олардың табысты жұмысын жүйелі жазып та жүрміз. Осы жолы да тілге тиек етер жақсы жайлар баршылық.

Өткен алты айда Мақтаарал ауда­нының 35 өнеркәсіп орны 2 млрд. 512,7 млн. теңгенің өнімдерін өндірді. Ал, заттай өнімге шағар бол­сақ, 2011 жылдың тиісті мерзі­міне қарағанда мақта талшығы 12 566 тоннаға артып отыр. Үсті­міз­дегі жылы Түркістанда Индустрияландыру картасына 1,5 млрд. теңге­ге 5 жоба ұсыну жоспарланған, осы­ның 4 жобасы енгізілді. Жоба­лардың жал­пы құны 912,0 млн. теңгені құ­райды және 266 жұмыс орны аш­ылады деп күтілуде. Сайрам ауданында іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 15968 бірлікке жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 101 пайыз­ға артқан. Бұл салада 48209 адам жұмыспен қамтылып отыр. Өткен жылдың 6 айында 1282 шағын жә­не орта бизнес кәсіпорындары 837,1 млн. теңге несие алса, биыл 2035 кәсіпорын 677,7 млн. теңгеге несиелендірілді. Отырар ауданында «Сыбаға» бағ­дар­ламасы бойынша 129,0 млн. тең­ге несиеге 662 бас ірі қара сатып алынып, тапсырма 178 пайыз орындалды. Бұдан бөлек «Отырарауылнесие» кредит­тік серіктесті­гі­нен 6 шаруа­шы­лық 115 асыл тұ­қым­ды ірі қара мал алу­ға 40,0 млн. теңгеге өтініш беріп, комиссия­ның оң шешімін алды. Түлкібаста 18 млрд. 627,0 млн. тең­ге инвестиция тартылып, өт­кен жылға қара­ғанда 4,3 есеге өсті.

Тағы да айтамыз: әрине, халқы еңбекқор Оңтүстікте атқарылған тір­ліктер жетерлік. Оның бәрін бір мақа­лада айтып шығу мүмкін емес. Әйтсе де, осы есеп барысында кей­бір аудан әкімдерінің тірлікке жүр­дім-бардым қарайтын енжарлығы, тың идеял­а­рының жоқтығы, мә­селенің боз боранын шығарып табанда ше­шіп тастайтын іскерлік қасиеттері кемшін екені байқалып қалды. Мұн­дай шенеу­ніктер туралы Елбасы Н.Назарбаев Үкіметтің биылғы бірінші жар­ты­жылдықтағы жұмыс қорытын­дысын шығарған жиында: «Олардың бір­қатарлары басты нәрсе есеп беру деп біледі. Әдемілеп есеп беріп, лентаны қиса болғаны. Содан кейін ол істің арты не болғанына мән бере бермейді» деп өте әдемі айтқан-ды. Шынында, біздің кей әкімдердің бар тірлігі – лента қию мен есеп беру ғана бол­ғаны ма?

Бәйдібек ауданында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына 3 жоба енгізу ұсы­нылса, осы уақытқа дейін оның бі­реуі ғана мақұлданған. Биыл облыс­­та 1000 адамға несие беру көз­делген. Келесі жылы оның көлемі бұдан көбейеді. Ал Бәйдібек ауданынан несие алуға бірде-бір өтініш түспеген. Арыста «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына бас-аяғы 12 жоба ұсыну қажет болса, оның біреуі ғана мақұлданған. Шардара мен Отырар аудандарында, Арыс қаласында индустрияландыру картасына небәрі бір-бірден-ақ жоба еніпті, ал Кентауда мүлдем жоқ. Мақтаарал ауданының әкімі бюджет қызметкерлерінің 400 миллион теңге жалақысын басқа мақ­сатқа жұмсап жіберіпті. Түлкібаста жылыжай салу жоспары небәрі 2,5 пайызға орындалған. Яғни, 10 гектар жер жоспарланған, нәтиже­сін­де, 25 сотық қана жылыжай ашыл­ған. Дәл осындай жағдай Отырар ауданының басында да бар. Шардара, Мақтаарал аудандарында қо­мақ­ты қаржылар игерілмей қалған.

Облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалының төрағасы Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен аймақта 2009-2011 жылдары мем­ле­кеттік бағдарламамен салынған құрылыс нысандарының сапасына тексеру жүргізіліпті. Бұл да жиында қызу әңгіме болды. Ордабасы ауданы, Бөген ауылындағы ауыз су құрылысын «Жас Отан» ЖШС қолға алған екен. Құрылыстың сапасы сын көтермейтінін былай қой­ғанда, мердігер фирма жұмыс­ты аяқтамастан орта жолдан тастап кетіп, биыл ғана қайта жалғас­ты­рыпты. Бүгінгі таңда бұл ауылдың тұрғындары ауыз сусыз отыр. Төрт­көл ауылына 2010-2011 жылдары тартылған ауыз су құбыры әр жерінен жарылып, тұрғындарға су толық жетпеген. Үш жылдан бері сүйретіліп келе жатқан бұл құры­лысқа биыл бюджеттен қосымша қаржы бөлініп, жұмысты басқа мердігер жүргізуде. «Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Мамытбековтің жиында келтірген мәліметтеріне қарағанда, Арыс қа­ласының Задария елді мекеніндегі 250 орындық бастауыш мектеп құ­рылысы, Дермене ауылдық дәрі­герлік амбулатория, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылындағы 660 орындық орта мектебінің, Айдар­құл ауылындағы 60 орындық Көк­су бастауыш мектебі, Қазақстан, Ұзын ата елді мекендеріндегі канал құрылыстарының, Қазығұрт ауданы, Көкібел ауылындағы негізгі мектеп, Қарабастау ауылындағы мед­пункт, Шақпақ ауылындағы бас­тауыш мектебі, Тұрбат ауылын­дағы жол, Шарбұлақ ауылындағы емхана құрылыстарының сапасы сын көтермейді. Нысандардың дені мерзімінен кеш пайдалануға бе­рілген, мердігерлердің жауапсыз­дығынан көбіне бюджеттен артық қаржы бөлініп, қайтадан жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кей әкім­дер мердігерлермен соттасқан.

Міне, осы кемшіліктің бәрін «Нұр Отан» партиясы анықтап отыр. Сонда бұл құрылыс нысандары тек «Нұр Отанға» ғана керек пе? Неге бұл істе аудан басшылары жанашырлық танытпайды? Неге бір іске қайта-қайта қаржы бөлініп, мемлекет шығын болады? Неге дер кезінде дабыл қақпай, бәрі біткен соң соттасамыз? Тіпті Ордабасы ауданының кейбір ауыл әкімдері «құрылыста ешқандай кемшілік жоқ, бәрі жақсы» деп көзді жұмып тұрып анықтама беріп, куәлікке жүргендерін қалай түсінуге болады? Сонда аудан, қала басшылары, ауыл әкімдері құрылыстың басына мүлдем бармайтын болғаны ғой. Не құрылысты бақылай алмаған, не шаруаға қаржы алып бере ал­ма­ған әкімдерден не үміт, не қайыр? Міне, жаны ашымастық деген осы. Асқар Исабекұлы осы кемшілік­тердің бәрін қадап тұрып айтты.

Есеп те емтихан сияқты. Біреу­лер өтеді, енді біреулер сүрінеді. Есеп беру жиыны өте салысымен облыс әкімі А. Мырзахметов Арыс қаласының әкімін ауыстырды. Сөй­тіп, бұл қызметке Сейіт Ертай та­ғайындалды. Ол осыған дейін бір­неше ауданда әкімнің орынбасары, одан облыстық әкімдікте бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарып, әбден ысылған мемлекеттік қыз­мет­кер. Бұған дейін Шардара ауда­нының әкімі Марғұлан Марайым Астанаға қызмет ауыстырған болатын. Оның орнына Қамытбек Ай­тө­реев тағайындалды. Кадрлық ауыс-түйіс әзірге осымен тәмам болып тұр. Барлық әкім «жылдың аяғына дейін тірлікті тастай қыла­мыз» деп уәдені үйіп-төгіп кетті ғой, әйтеуір. Уақыт – зымыран. «Индустрияландыру мен әлеумет­тік жаңғыртуды жүзеге асыру – әрбір министр, әрбір әкім үшін тест. Нақ осы екі басты міндетті жүзеге асыру менің командамда кімнің кім екендігін ай­қындайды. Мен үшін ең бастысы – әрбір қа­зақстандық отбасының жет­кілікті жағдайда өмір сүруі, қара­пайым адамдардың өздерінің ертең­гі күндеріне сенімді болуы» деген еді Елбасы Н.Назарбаев Үкіметтің алты айды қорытындылаған жиынында. Осы емтихан облыс әкімі  А.Мырзахметовтің командасында кім­нің кім екенін айқындап бере­тіні анық. Ел құрметіне бөленіп жүрген азамат Асқар Исабек­ұлы­ның есеп беру барысында таныт­қан талап­шыл­дығы, әкімдер қыз­ме­тінен алдымен сөз емес іс күте­тіндігі, жұ­мыс­ты соған қарап ба­ғалайтын­дығы облыс жұртшылы­ғы­ның сені­міне ие еткізіп отыр. Талап бар жерде тәртіп те орнамай қоймайды.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.