• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2019

Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясы өтті

1051 рет
көрсетілді

Орал қаласында «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясы өтті. Жиында партияның кезектен тыс ХІХ съезіне Ақ Жайық өңірінен баратын делегаттар сайланды.

Конференцияда сөз алған өңір басшысы, филиал төрағасы Алтай Көлгінов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімін Жайық жұрты, өңір халқы толық қолдайтынын жеткізді.

- Бұл биліктің тұрақтылығы мен елдің бірлігін нығайту үшін қабылданған уақытылы әрі өте орынды шешім. Мемлекет басшысы  сайлаудың ашық әрі әділ өтетініне кепілдік беріп отыр.  Халық болып сайлаған Мемлекет басшысының беделі жоғары, өзіне деген сенімі берік болады, – деді А.Көлгінов. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлейменнің айтуынша, күні бүгін облыс бойынша 11 433 тұрмысы төмен  және көп балалы отбасының тұрмыстық жағдайы тексеріліп, әлеуметтік карта толтырылған. Оның 6499-ы - көп балалы отбасылар.

 2019 жылы шамамен 5 186 отбасы, оның ішінде 24 481  адам,  15 992 бала атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылады деп жоспарланған.  Қазіргі таңда 3384 адамның өтініші қабылданды. «Халыққа көмек» партиялық жобасын іске асыру аясында  қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы «Біріңғай әлеуметтік терезе» акциясы жұмыс жасауда. «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде перспективті елді мекендер айқындалатын болады. Биыл облыстың перспективті ауылдарын дамыту үшін республикалық бюджеттен 1,2 млрд. теңге қарастырылған. 

Партияның «Заманауи білім орталықтары» жобасы аясында кітапханаларды қазіргі заманғы коворкинг және білім орталықтарына айналдыру ісі өңірде табысты жүруде. Мысалы қазір облыста жастарға арналған 11 коворкинг орталық жұмыс жасап тұр.

 Бұған қоса, партиялық жоба аясында 100 мектептің спорт алаңы салынуда. Олардың басым бөлігі ауыл мектептерінде. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру мен денсаулық сақтаудың қолжетімділігі, ел бойынша инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық саланы жетілдіруге бағытталған «Құтты мекен» жобасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына  12,9 млрд. теңге бөлініп, бұл қаражатқа 19 көп пәтерлі және ауылдық жерлерде 119 тұрғын үй салынуда. Жыл соңына дейін 15 көппәтерлі және ауылдық жерлерде 50 тұрғын үй мен 2051 пәтерді  пайдалануға беру жоспарлануда. 

Облыста құны 5,5 млрд. теңге тұратын үш мектептің құрылысы басталды. Конференцияда сөз сөйлегендер жергілікті жерде жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарлама партия өкілдерінің қадағалауында болатынын айтты. Жиын соңында ағымдағы жылы 23-сәуірде  «Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХIХ сьезіне баратын  делегаттар сайланды.