• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 19 Сәуір, 2019

Кәсіпкерлер сайлауды қолдайды

1143 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатында «Nur Otan» партиясынан сайланған депутаттар өңірдегі шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпкерлермен кездесіп, алдағы Президент сайлауын талқылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімін қолдаудан басталған әңгіме шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің ел дамуына қосатын үлесі сынды аса маңызды тақырыптарға да жалғасты.

- Біз, бизнес саласының өкілдері, сайлаудың өтуі – күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе деп санаймыз. Өйткені, Қазақстан – өзінің демократиялық үрдістерімен бүкіл әлемге танылған мемлекет. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біздің еліміз Конституция талаптарына сай жүріп келе жатыр. Сондықтан, бұл Президент сайлауы өте қажет. Біз секілді кәсіп иелері үшін, біздің жұмысымыздың алға басуы үшін ең қажетті құндылық – тұрақтылық дер едім. Ал Қазақстанның бүгінгі тұрақтылығы – кезектен тыс өткелі отырған Президент сайлауына тікелей байланысты. Бүгін осы жиынға қатысып отырған бизнес өкілдері, кәсіпкерлер палатасының мүшелері, алдағы сайлауға бейтарап қарай алмаймыз. Бір кісідей белсенді қатысамыз. Өзім облыстық мәслихат депутаты болған соң иығыма түскен жауапкершілік жүгін анық түсінемін: еліміздің болашағына, Отанымыздың ертеңіне жауапты болатын Президентті тап басып таңдай білуіміз керек. Сондықтан бүгінгі жиынның мәні мен мазмұны өте жоғары деп есептеймін. Біз алдымыздағы стратегиялық бағытымызды анықтап, шешім қабылдайтын межеге келдік, - дейді кәсіпкер, «Отау-Алан» ЖШС директоры, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Ляна Тұрсынова.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Сүлейменнің айтуынша, кезектен тыс Президент сайлауын өткізу мәселесін талқылау халықтың әр санатында жүріп жатыр екен.

- Еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы 19 мамырда өз өкілеттігін тоқтатты, 20 наурыздан бастап мемлекет тізгінін қасым-Жомарт Тоқаев ұстады. Дейтұрғанмен, еліміздің бүгінге дейін жеткен жетістігі Елбасының қажырлы еңбегінің арқасында болғанын әлем халқы мойындайды. Сондықтан Қазақстанның жаңа Президенті Елбасы курсын ары қарай жалғастырып, кезектен тыс сайлау арқылы халық сенімін алса, халықаралық қауымдастық алдында да абырой-беделі артады. Дүниежүзілік инвесторлардың да сенімі нығайып, Тұңғыш Президент-Елбасы бастаған даму бағыты жалғасатынына сенеді, - дейді Серік Кенжебекұлы.