Сәрсенбі, 29 тамыз 2012 7:43
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың демократиялық бастамаларына арқау болған Ата Заңның қабылдануы мемлекетіміздің сенімді негізіне айналды. Соның арқасында тәуелсіз Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуды жүзеге асырып, әлемдік қауымдастыққа өз ұстанымын бекіткен ел ретінде көрініп отыр. Әр елдің өзінің Ата Заңы, өзіндік ұстанымы болатыны сөзсіз. Осындай Ата Заңымыздың қабылданғаны барша қазақстандықтарды зор қуанышқа бөлегені әлі жалғасын тауып келеді.
Сәрсенбі, 29 тамыз 2012 7:43
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың демократиялық бастамаларына арқау болған Ата Заңның қабылдануы мемлекетіміздің сенімді негізіне айналды. Соның арқасында тәуелсіз Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуды жүзеге асырып, әлемдік қауымдастыққа өз ұстанымын бекіткен ел ретінде көрініп отыр. Әр елдің өзінің Ата Заңы, өзіндік ұстанымы болатыны сөзсіз. Осындай Ата Заңымыздың қабылданғаны барша қазақстандықтарды зор қуанышқа бөлегені әлі жалғасын тауып келеді.
Конституция – бұл әлеуеттік бірлік пен болашақ жетістіктерге жол ашатын алтын кілт. Сондықтан заңға бағыну, заңды сыйлау – әр азаматтың міндеті. Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, Конституция білім алуға, еңбек етуге, өз азаматтығымызды ашық білдіруге құқық береді.
Еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Онда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, ел аумағында азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған озық идеялар бекітілді. Ол сан алуан идеологиялық, ұлттық, азаматтық ұжымдар мен топтардың бірлесіп бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Конституциямызда бекітілген нормалар Қазақстан Республикасын гүлдендіру мақсатында ел-халықтың бірлесіп, бір жеңнен – қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдай жасайды.
Ғасырлар бойы тәуелсіздікті армандаған қазақ халқының бұл Конституциясы, алдыңғыларына қарағанда, адамзат дамуының ғаламаттық үрдісіне сай қазіргі заманғы либералды-демократиялық құндылықтарды толығырақ бекітуімен ерекшеленеді. Конституция жеке тұлға және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын республиканың ең қымбат қазынасы ретінде танып, мемлекеттен олардың орындалуын талап етеді.
Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет деп жариялайды. Оның демократиялылығы, ең алдымен, мемлекет ішінде елді басқаруды қамтамасыз етуден көрінеді. Ата Заңның 3-бабының 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық делінген. Бұл конституциялық норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігін білдіреді. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану ел егемендігінің көрінісі болып табылады. Халық өз билігін тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі ғана болып қоймай, сонымен қатар билік тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етіп келеді.
Республиканың көпұлтты халқының достығын нығайту мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде Конституцияның рөлі зор. Әлемнің түкпір-түкпірінде қарулы қақтығыстар, терроризм мен діни экстремизмнің қанды салдары өршіп жатқанда, тәуелсіз Қазақстанда ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық орын алуда. Мұның бәрі Конституцияда бекітілген республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын қоғамдық және саяси өмірде нық ұстанудың нәтижесі.
Қазіргі таңда еліміздің құқықтық жүйесіндегі ең жоғары қадағалаушы – прокуратура органдары Конституциямен белгіленген міндеттердің талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында күші бар заңдардың қолданылуын, адам мен азаматтардың конституциялық құқығының қорғалуын, қылмыстық іс жүргізу сатыларында заң бұзушылықтардың жіберілмеуін, заңдылықтардың дәлме-дәл орындалуын бақылап, сот шешімдері мен қаулыларының әділдігіне ықпал ету жұмыстарын жүргізіп келеді. Жаңа қоғамдық құрылыстың алғашқы сатыларындағы құқықтық реформалау кезеңдерінде прокуратура органдарының қызметкерлері заңдардың іс жүзінде қолданылуы, оларды меңгеру кезінде кездескен қиындықтарды жеңуде төзімділікпен, зор ізденістермен еңбек етіп, уақыт сынына төтеп беріп, сүрінбей өтті. Қазір біз арттағы 16 жылдың қомақты тәжірибесінің арқасында құқықтық қорды толықтырып, кадрларды іріктеп, заңдарымызды жүйелендірдік. Сонымен бірге қоғамымызда қылмысқа қарсы күресті күшейтіп, басқа да қолданыстағы заңдардың орындалуын одан әрі қадағалау жұмыстарын жүзеге асырып жатырмыз.
Осы орайда Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалаудағы қызметі есепті мерзімде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталады.
Облыстық прокуратура органдары аймақтың қоғамдық-саяси ахуалына үнемі мониторинг жүргізіп, әлеуметтік шиеленіске әкеп соқтыруы мүмкін мәселелерді ерекше бақылауына алған. Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы да облыстық прокуратураның назарында. Еңбек заңнамасының бұзылуын жою және алдын алу мәселесі облыстық прокуратураның бастамасымен облыс әкімдігінде жұмыс берушілердің, кәсіподақтардың қатысуымен уәкілетті және жергілікті билік органдарында тоқсан сайын талқыланып, жалақы қарыздарын өтеу шараларын қолға алу жүзеге асады. Прокуратура органдары енгізген наразылықтардың негізінде жергілікті және атқарушы органдар актісінің күші жойылып, заңға сәйкестендіріледі. Заңсыз нормативтік актінің қабылдануына жол берген лауазым иелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда заң бұзушылықтар анықталып, кінәлілер түрлі жазаға тартылып, кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Бас прокурордың өкіміне сәйкес құқықтық насихат жұмыстары да атқарылуда. Үстіміздегі жылдың 7 айында құқықтық түсіндіру сипатындағы 2609 жариялылық іс-шаралар жүргізілді.
Азаматтардың өтініштерін қарау және шешу барысында облыстық прокуратура органдары жеке және заңды тұлғалардың 3194 өтінішін қарап, 1814 өтініш шешімін тапты. Облыс прокуратурасы мен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы арасындағы Меморандум аясында бірнеше «Ашық есік» акциялары жүргізіліп, 54 азамат жеке қабылданды. Осылайша құқықтық мемлекеттің тұғыры қашанда заңның жоғарғы мәртебесінде, Конституциямыздың мызғымас беріктігінде екендігін уақыт дәлелдеді. Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдық тарихи кезеңі ішінде азаматтарымыздың құқықтық санасы өсіп, жаңа өлшемдерге көтерілуде. Ал оның түп бастауы, түп қазығы –Ата Заң.
Сапарбек НҰРПЕЙІСОВ,
Қызылорда облысының прокуроры.