Жұма, 31 тамыз 2012 7:42
30 тамыз – Ата Заңымыздың қабылданған күнi. Талай тайталастармен келген азаттығымыздың, ел боламын деп ғасырлар бойы ұмтылған егемендiгiмiздiң еңсесiн еселейтiн маңызды құжаттың жарыққа шығып, жария етiлген күнi бұл. Тәуелсiз Қазақ елiнiң құт кiтабы десек те қате емес.

Егемен ел болып, өзiмiздi барша әлемге Қазақстан Республикасы, мiне, осындай мемлекет деп көрсететiн Конституциямызды алғаш 1993 жылы қабылдағанымызбен, кейiн екi жылдан соң, яғни 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қайта жаңарттық. Ата Заңның бiрiншi қабылданғанына – 19 жыл, екiншi мәрте толықтырылып шығарылғанына биыл 17 жыл толып отыр. Зайырлы ел болып, заңғар биiкке өрлетуге себепшi болатын Ата Заңымыз – Конституциямыздың айқын, нақты жазылуына Елбасымен бірге көптеген қайраткерлер де еңбек сiңiрдi.
Бiз бүгiнде жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың басын бiрiктiрiп, Қазақстан деген үлкен шаңырақтың астына алып, береке мен бiрлiгiн сақтап отырған елмiз. Ал «Бейбiтшiлiк» деген сөздiң ұран болып, жадымызда жатталып жүргенi бұл ең бiрiншi, Жаратқан Иемiз – Алла Тағаланың бiзге берген берекесi, сыйы деп бiлiп, оны ұғынып, оған шүкiршiлiк етуiмiз керек.
Сондықтан да Ата Заңда айтылғандарды аттап өтпей, саламатты өмiр сүру әр қазақстандық үшін мiндет.
Асан НАРЫНБАЙҰЛЫ,
Қостанай облысы.