Жұма, 14 қыркүйек 2012 7:44
«Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда», деген екен қалталы біреу. Сол айтқандай, бума-бума ақшаны қалтаға басу үшін сыбайласқан шенеуніктерден бастап, құныққан қылмыскерлерге дейін жанын салады. Қолында билігі бар атқамінерлер қапы қалмау үшін мол ақшаны бірігіп асаса, олардың қатарына ене алмағандары ашық қылмыстық жолмен ақшаны күректеп табуда. Бірақ біздің елде арам амалмен ақша тапқандардың жолы болмайтындығы белгілі. Мемлекеттің дайын қаражатын сыбайласып ұрлайтындар болсын, яки жалған ақша жасаумен айналысатындар болсын, бәрібір қолға түседі. Соның айғағындай 10 000 теңгелік жалған ақша дайындап, оны еліміздің барлық аумағында өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері қолға түсті. Оларды анықтап, ұстаған Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің (қаржы полициясы) қызметкерлері.

Жалпы, елімізде жалған ақша белгілерін дайындаушыларды және өткізушілерді ұстау бойынша бұрын-соңды болып көрмеген шара жүзеге асырылды. Мәселен, Астана қаржы полиция департаменті тек 10 000 теңге номиналында жалған ақша қаражаттарын дайындау және өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшелеріне Қылмыстық кодекстің 235-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жалған ақшаларды жасаушылар мен өткізушілерді ұстау үшін арнайы іс-шаралар дайындалды.Әуелі Астана қаласының қаржы полициясы департаментімен республиканың өзге облыстарында анықталған ақша қаражаттарының номиналы және серияларымен ұқсас астаналық аймақта табылған жалған ақшаларды зерттеу бойынша іс-шаралар жиыны жүзеге асырылды. Бұл зерттеу жалған ақша қаражаттарының Астана қаласына республиканың басқа аймақтарынан келіп түсетінін көрсетті. Жалған ақша белгілерін өткізу дерегі елдің көптеген өңірлерінде тіркелген. Мысалға, тек астаналық департаментпен ғана жыл басынан бері номиналы 10 000 теңге жалған ақша қаражаттарын анықтау дерегі бойынша 314 қылмыстық іс қозғалған болатын.Сөйтіп, жедел зерттеу жұмыстары арқасында республиканың барлық аймақтарында жалған ақша қаражаттарын өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ бар екендігі анықталды. Олардың тобы Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарынан, барлығы жеті адамнан құралғандығы да анықталды.Департамент қызметкерлері елдің бірнеше аймақтарында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. 20 миллион теңгеден асатын жалған теңгелер және ақша белгілерін дайындауға арналған құрал-жабдықтар тәркіленді. Олар осы құралдар арқылы 100 млн.теңге де жасап қойған екен. Департамент қызметкерлері Тараз қаласында жалған ақшаларды дайындауға арналған заманауи компьютерлік технологиялық жабдықтарды тапты. Олардың жалған ақшаны дайындау орны, өткізу сызбалары, тасымалдау маршруттары, сонымен қатар, топ басшысы мен аталған қылмыстың атқарушылары анықталды. Жасалған жалған ақшалар үш бағытта, яғни бірінші: Батыс аймақта (Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары); екінші: Оңтүстік аймақта (Алматы қаласы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Кызылорда облыстары; үшінші: Солтүстік-шығыс аймақта (Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы және Астана қаласы) таратылған.Күдіктілер жалған ақша қаражаттарын сыбайластары арқылы шағын бумалармен өткізіп отырған. Аз-аздан ірі қалаларға немесе алыс елді мекендерге апарған. Мысалға, астаналық такси жүргізушісі жалған ақшаларды өткізіп, қосымша табыс тапқан. Оны ұстау кезінде «Шкода Октавия» қызметтік көлігінде көптеген жалған оң мыңдық теңгелер жасырылған. Ал 10 мыңдық теңгелердің бір данасы 3 мың теңгеге, яғни номиналының 30 пайызына сатып алынған. Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, олар соттың санкциясымен тұтқынға алынды және республиканың өзге аймақтарында ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан».