• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2012

Қарқыны қарымды сынақ

283 рет
көрсетілді

Қарқыны қарымды сынақ

Сәрсенбі, 7 қараша 2012 7:31

Қазіргі уақытта елімізде құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау қар­қын­ды жүргізілуде. Халық оның қо­ры­тындысы бойынша мейлінше кәсіби, сауатты және моральдық жағынан тұрақты қызметкерлер қызмет істейтін болады деп кү­туде. Бұл үшін Жоғары аттестаттау комиссиясы құрылды. Ал­ғаш­қы кезеңде барлық құқық қор­ғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары аттестаттаудан өтті, одан кейінгі кезең орталық дең­гейді, ал үшінші кезеңде аймақ­тық органдар қызметкерлері аттестаттаудан өтуде. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталуға тиіс. Қа­зір­гі кезеңнің өзінде құқық қорғау органдарының жұмысы жақсара бастағаны байқалады.

Сәрсенбі, 7 қараша 2012 7:31

Қазіргі уақытта елімізде құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау қар­қын­ды жүргізілуде. Халық оның қо­ры­тындысы бойынша мейлінше кәсіби, сауатты және моральдық жағынан тұрақты қызметкерлер қызмет істейтін болады деп кү­туде. Бұл үшін Жоғары аттестаттау комиссиясы құрылды. Ал­ғаш­қы кезеңде барлық құқық қор­ғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары аттестаттаудан өтті, одан кейінгі кезең орталық дең­гейді, ал үшінші кезеңде аймақ­тық органдар қызметкерлері аттестаттаудан өтуде. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталуға тиіс. Қа­зір­гі кезеңнің өзінде құқық қорғау органдарының жұмысы жақсара бастағаны байқалады.

Бұл орайда Мемлекет басшысы еліміздің құқық қорғау жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттаудың маңыз­дылығын атап өтті. Аттестаттау қорытындысы бойынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыруды едә­у­ір жақсарту және еңбекақыларын айтарлықтай арттыру мәселесі қа­растырылатын болады. Халық­аралық тәжірибені талдауды ескере отырып, аттестаттаудың үш дең­гейлі сатысы анықталды.Кезектен тыс аттестаттаудың негізгі мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсі­би, әскери және дене шынықтыру дайындығының деңгейін тексеру, өз қатарын құзыретті емес қыз­меткерлерден және моральдық-адамгершілік сипаты төмен, сыбайлас жемқорлық көріністеріне және өзге де теріс қылықтарға бейім адамдардан тазарту. Әрбір аттестатталатын адам бойынша кадрлық шешім әңгімелесу нәти­желері бойынша дербес қабыл­данады, оның барысында қызмет өткеру, тестілеуден өту, кәсіби жарамдылыққа арналған норма­тив­терді тапсыру нәтижелері және арнайы тексеру материалдары тал­данады. Осыған орай аттес­тат­таудың мақсаты – құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін және олардың қазіргі заманғы талаптарға сәй­кестігін анықтау, органдарды мо­ральдық-адамгершілік қасиеттері төмен және жемқорлық әрекеті арқылы жалпы мемлекеттің бе­делін түсіретін біліксіз қызмет­керлерден тазарту болып табылады.Аттестаттауды өткізу ереже­сі­не сәйкес, елімізде құрамында 500-ден астам адам болатын 9 орталық және 104 аймақтық аттес­таттау комиссиялары құрылды. Барлық комиссия құрамына жұрт­шылықтың, партиялардың, ардагерлер ұйымдары мен БАҚ өкіл­дері кірді. Аттестаттаудан өткен тұлғалар туралы жұртшылық пі­кірін ескеру үшін Президенттің ресми сайтында арнайы айдар ашылды.Жоғарыда айтқанымыздай, кезектен тыс аттестаттау жөніндегі барлық жұмыстар үш кезең бойынша жүргізіліп, ағымдағы жыл­дың соңында аяқталуға тиіс. Бірінші кезеңде Жоғары аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өтуге жататын қызметкерлер сыналды. Бұлар құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарлары, ведомстволар мен аумақтық бөлімшелер басшылары, сонымен қатар, олардың орынбасарлары, жоғары оқу орындары басшылары мен орталық аттестаттау комис­сия­ларына кандидаттар. Екінші ке­зеңде орталық аттестаттау комиссияларында аталған сынақтан өту­ге жататын қызметкерлерді аттес­таттау өткізілді. Бұл адамдар­дың тізімін тиісті құқық қорғау ор­ганы­ның басшысы анықтады. Олардың қатарында – өңірлік аттестаттау комиссиясына кандидаттар бар. Үшін­ші кезеңде өңірлік аттестаттау комиссиялары аумақ­тық орган­дардың жеке құрамын аттестаттаудан өткізуде. Сөйтіп, желтоқсан айында Мемлекет басшысына өт­кізілген аттестаттау қорытындысы туралы баяндама әзірленбек.Кезектен тыс аттестаттауларды ұйымдастыру және өткізу барысында формальдылыққа, біржақ­ты­лыққа, тамыр-таныстыққа жол бермеу аса маңызды. Әр қыз­мет­кер­дің құқықтары сақталуына ке­пілдік беріп және әрқайсысына дербес тұрғыдан келуді қарас­ты­рып, барлық үдерістердің ашық­тығы мен шынайылығын қамта­масыз ету қажет. Бәрінен бұрын кезектен тыс аттестаттаудан Қа­зақстан азаматтары не күтетініне назар аударған жөн. Ең алдымен, бұл құқық қорғау органдарының жеке құрамын білікті, адал, өз мамандығын ардақтайтын қызмет­керлермен, адамның құқығы мен заңды мүдделерін жоғары дең­гейде қорғауға қабілетті өз елінің патриоттарымен сапалық тұрғыда жаңарту.Сөйтіп, аттестаттаудың ма­ңыз­ды мақсатының бірі – құқық қор­ғау органдары қызметкер­ле­рінің жаңа буынын даярлауға тың серпін беру екендігін естен шы­ғар­маған абзал. Өйткені, бұл мін­детті орындау мораль нормаларына, адамгершілікке және транс­паренттілікке негізделген жұмыс қағидаттарын кеңінен таратуға септігін тигізетін болады.

Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан.