• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2012

Тынысты тарылтқан түтін

277 рет
көрсетілді

Тынысты тарылтқан түтін

Сенбі, 15 қыркүйек 2012 7:38

Өскеменнің аса күрделі экологиясы жайлы көптен бері айтылып келеді. Рас, түсті метал­лур­гияның кәсіпорындары қоршаған ортаны қорғауда біршама жұмыс­тар тындырып жатыр. Алайда, «алқаның екінші жағы бар» дегендей, соңғы жылдары қаптап кеткен автокө­ліктер де улы газдар таратып, денсаулыққа зиянын ти­гізуде.

Сенбі, 15 қыркүйек 2012 7:38

Өскеменнің аса күрделі экологиясы жайлы көптен бері айтылып келеді. Рас, түсті метал­лур­гияның кәсіпорындары қоршаған ортаны қорғауда біршама жұмыс­тар тындырып жатыр. Алайда, «алқаның екінші жағы бар» дегендей, соңғы жылдары қаптап кеткен автокө­ліктер де улы газдар таратып, денсаулыққа зиянын ти­гізуде.

Жақында облыс әкімінің б­і­рін­ші орынбасары Серік Әб­де­новтің төрағалық етуімен қала­лар мен аудандардың ауасын лас­таушы автокөлік иелері мен оның қожайындарының қатысуы­мен үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиында эколог мамандар мен осы салаға жауапты бас­шылардың есебі тыңдал­ды. Авто­көліктердің улы газдары кәсіп­орындар мұржаларынан шы­­ға­тын түтінге қарағанда қа­уіпті, тыныс жолдарын бітеп тас­тайды, дейді эколог маман Геннадий Корешков. Көлік түтіні жерге жақын бол­ғандықтан азот диок­сиді ауаны тез бүлдіреді. Сон­дықтан көлік­терден шығатын улы заттардың мөлшерін азайту үшін жанар-жағармай стансала­рын­дағы бензи­н­­нің сапасын анық­тап отырған орынды.Өкінішке орай, қаладағы автобус парктерінің дені сапасы нашар арзан жанармайды тұтынуға әуес. Енді оларға қарсы қатаң ша­ра қолдану қажет, деді үйлес­тіру кеңесін жүргізіп отырған Серік Әбденов. Демек, сапаға көңіл бө­ле­тін жанармай стансалары басшыларымен автобус парк­­тері меморандум жасасса тиімді болмақ.Облыстық жол полициясы бас­қарма бастығының орынбасары Петр Никифоров мынадай пікір айтты. Бүгінгі таңда шы­ғыста бес арнайы жабдықталған бекетте, сонымен бірге жылжымалы зертханада көліктерден шығатын улы газдарға тексеру жүргізіледі. Жыл басынан бері жол полициясы қыз­меткерлері 247-бап бойынша қор­шаған орта­ға зиян келтіргендерге қарсы 867 хаттама толтырыпты. Алайда, хат­тама толтырғанмен көлік­тер­дің техникалық байқауын өткіз­ген фирмалардың жұмысын да анықтаса, артық болмас еді. Қо­рыта айтқанда, бұдан былай улы газды көп шығаратын көлік иелері мен автобус парктері қо­жайынд­ары енді жанармай сапасына назар аударып, қоршаған ортаны қорғауға көңіл бөлмесе, түрлі айыппұлдар мен ескертулерден қашып құтыла алмайды.Оңдасын ЕЛУБАЙ,«Егемен Қазақстан».Шығыс Қазақстан облысы.