Жұма, 12 қазан 2012 7:03
Бұл ғақлияны Аристотель де айтқан жоқ, Конфуцийдің кітабынан да оқыған жоқпын. Мұны айтқан ауылдың қарапайым қариясы.Әңгіме адамгершілік тақырыбына ойысқан. Малдас құрған мәслихатшылар әрбір сауапты істің қайырымы болады деген белгілі түйінге тірелетін тәмсілге көшкенде әлгі қария:– Егер қайыр тілеп отырған міскінді көрсең, мүсіркеуші болма, – дегені.«Мәслихатшы» атанып, мәмілеге араласқанымен, барлығы бірдей философ емес қой. Солардың бірі:– Неге? – деп жалт қарады.

Екіншісі:– Сонда не істеу керек? – деп қабағын түйді.Көзқарастарында «аш адамға балық бергенше, балық ұстауды үйрет» деген белгілі ұлағатқа тән бір әңгімені бастайтын шығар деген сұрау бар.– Басынан бір теп те, өтіп кет.Мәслихатшылар «мынау не айтып отыр өзі» дегендей бір-біріне таңдана мойын бұрды. Шал болса «ал сендерге тәлім-тәрбиенің көкесі керек болса» дегендей түйіле түскен.– Оу, ағасы, осыны да сөз деп айтып отырсыз ба?– «Мүсәпір көрсең жақсылық жаса» деген өткеннен келе жатқан өсиетті қайтеміз?– Қайыршының не жазығы бар?Сол кезде қиқар шал:– Ол бір жұмбақ, – деді де орнынан түрегелді.Суықтан қатып қалған жыланды қойнына тығып жылытам деп ажал құшқан аңғал туралы мысалды білуші ем. Малдас құрғандар шалға не дерін білмей отырып қалған кезде сол оқиға есіме сап ете түсті. Өйткені, сен де улы жыланға жақсылық жасаған адам сияқты жолыңды тосқан мүсәпірдің жат пиғылынан бейхабарсың. Бәдауи тірлікті бүркенген жан кім – ұры ма, қарақшы ма, алаяқ па, сатқын ба?!. Тіпті, жеті жұрттың тілін білетін оқымысты, он саусағынан өнері тамған шебер немесе замандастарынан атағы озған кәсіпкер бола қойсын, бірақ қарны тойып, аузы майланған күні жасаған жақсылығыңды ұмытып, басыңнан бір тепсе қайтпексің? Бақсақ, бұл адамзат баласы әлі күнге дейін шешуін таба алмай жүрген жұмбақтардың бірінен екен.Ел байлығын миллиардтап ұрлап, шетел асқан бұрынғы банкирлер мен мемлекеттік қызметшілер, мәжілісмендер туралы алуан- алуан ақпараттарды оқи бастасам болды, ауылдың баяғыда өткен айтқыш шалының «қиссасы» нені меңзегенін түсіне бастағандай боламын.Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан».ТАРАЗ.