Сенбі, 9 маусым 2012 7:52
Ойлы көзбен қарап, зерделі сөзбен санап көрсең, қазаққа тән жақсықасиет мол екеніне көз жеткізесің. Бағалай білсек, бақайдан басқа дейінгі,ондай ұлттық үлгілеріміз жетіп артылады. Солардың қатарында қазақтыңсаятшылық дәстүрінің де лайықты орны бар екенін айту біз үшін зорсүйініш. Содан да құс салатын азаматтарды аттай қалап, атан түйедейқомдап, елдеріне шақырып қызықты сәттерге куә болып жүргендерқатары толыға түсуде. Иә, арғы-бергі тарихқа көз жіберіп, ой тоқтатсақ,құсбегілер біраз елде болған. Бірақ дәл қазақ секілді қалыбында сақтапқала алмаған.
Сенбі, 9 маусым 2012 7:52
Ойлы көзбен қарап, зерделі сөзбен санап көрсең, қазаққа тән жақсықасиет мол екеніне көз жеткізесің. Бағалай білсек, бақайдан басқа дейінгі,ондай ұлттық үлгілеріміз жетіп артылады. Солардың қатарында қазақтыңсаятшылық дәстүрінің де лайықты орны бар екенін айту біз үшін зорсүйініш. Содан да құс салатын азаматтарды аттай қалап, атан түйедейқомдап, елдеріне шақырып қызықты сәттерге куә болып жүргендерқатары толыға түсуде. Иә, арғы-бергі тарихқа көз жіберіп, ой тоқтатсақ,құсбегілер біраз елде болған. Бірақ дәл қазақ секілді қалыбында сақтапқала алмаған. Бұл тұрғыдан келгенде, ұлтымыздың ұлылығынан шығар,ұлттық үлгілерін ұрпағына сырын кетірмей, сынын бұзбай жеткізіпотырған ғой. Мұның әдібін хаттап қағазға түсірмесе де, көзініңашықтығынан даласындай дархан көңіліне бәрін түймедей түйіп,көкейіне сақтаған түп төркінінде арғы қазақтың алғырлығы жатыр. Оғанбұл арада дәлел-дәйек іздеп жатпасақ та тарихи дүниелерден көріп-біліпотырмыз. Жердегіні қойып, көкті шарлаған қыранды қолға ұстап баулуы,алтын арқауды үзбеуі халқымыздың зеректігін, жадының таза екенінкөрсетеді.
Айтар сөздің әлқиссасын саятшылыққа қарай бұрсақ, бұл кәсіп басында нәсіпті ажырату үшін пайдаланылса керек. Бірте-бірте ата-бабаларымыз оны бекзат өнерге ұластырған. Биік дәрежеге жеткізген. Тектілігі мен тегеуріні мықты қыран құсты баласындай баулып, алақанында ұстаған. Сән-салтанат кезінде жұртқа көрсетіп, бабына келгенде дала тағысына салған. Сонар кезіндегі ерекше сәттер кімнің де болса көңіліне қанат бітіріп, жан-дүниесіне сезім шуағын шашып, ұлан-асыр қуанышқа кенелткен. Балапан баптап, қыран ұшырудың сондай бір әдемі көрінісін ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Аңшылықтың үміт, қуанышы көп. Ыстық оттай қызулы минөті көп, мағыналы өмір. Аңшылықта кісіні ақын күйіне жеткізетін сезім күйі көп. Бұл – салқындап кеткен кәрі ақылдың өмірі емес, сүйген ғашығыңды сағынып келіп, күліп-ойнап өткізген күндіз-түніңдей ыстық сезім өмір. Өйткені, бір минөттің ішінде қуанатын да, жүдейтін де сәттерді басынан кешіреді. Соның бәрін айтып жүргендіктен аңшының тілі шешен, қиялы жүйрік. Бүркіттің ұшқанына, түлкінің құтылмақ болған айласына, құсшының ебіне арналған талай шешен сөздер бар. Аңшылық өмірінен ілгері-соңғыдан қалған талай қызықты, жанды сұлу әңгімелер көп», дейді. Ұлттық құндылықты тап басып танып, оның кереметіне шын сүйсініп, түйсінген адам ғана осылай тамылжытып айта алса керек. Ондай ұлылық осы арада ұлы жазушыға бұйырғанын көреміз.
Саятшылық негізі – қыран баптап, құмай тазы жүгіртуде жатыр. Бұл туралы тарихи жазбаларда қызықты деректер көптеп кездеседі. Бір ғана мысал, Бабақұмар Хинаят пен Қуаныш Исабековтің «Саятшылық – қазақтың дәстүрлі аңшылығы» (Алматы кітап, 2007) атты әдеби-танымдық кітабын оқып отырғанда оған айқын көз жеткізесің. Біздің дәуірімізге дейінгі ғасырлардан хабардар ететін тастағы ойма суретте құс ұстаған адамдар бейнеленген. Сол секілді Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесіне үңілсең де алтын ұстап, темір қорытқан ата-бабаларымыздың құсбегілікті, тазымен аң аулауды қатар алып жүргенін аңғарасың. Оған Атыраудан бастап Алтайға, одан Алатауға, Арқаға дейінгі аралықты алып жатқан құт мекеннің кез келген жерінен табылған құсбегілік туралы деректер дәлел бола алады. Қыран мен сұңқар, төрт аяқты тұлпар бейнеленген алтын құймалар Атыраудағы Аралтөбе қорымынан, Алматы маңындағы Есік қорғанынан табылғаны баршаға мәлім.
Саятшылық туралы алуан түрлі көріністерді көркем дүниелерден де оқуға болады. Оған бір мысал мынадай. Мың жылға таяу уақыт бұрын жазылған «Қабуснаманың» он жетінші тарауы түгелдей саятшылыққа арналған. Жоғарыда айтқан кітапта төрткүл дүниені түгел билемек болған Шыңғыс ханның сұңқар салғандығы, Керей Тұғырыл хан, Шыңғыс мұрагерлерінің бірі Құбылай хан, сондай-ақ Әмір Темір қолы бос кезде құс салып, ит жүгіртуді әдепті әдетке айналдырғаны айтылады. Бұған қоса Шыңғыс ханның құсбегілік өнерді жоғары бағалағаны, тіпті мұны мемлекеттік деңгейге дейін көтергені, саятшылық әскери жаттығуда ең маңызды рөл атқарғаны да алға тартылады.
Италия саяхатшысы Марко Поло, орыс тарихшысы Николай Карамзин, поляк зерттеушісі Адольф Янушкевич секілді шетелдік ғалымдардан қалған еңбектерді парақтасаң, бұл өнердің небір кереметтеріне қанық боласың. Мәселен, Күйік ханның ордасында 4 айға жуық болғанда М.Поло жиырма мың құсбегі мен аңшының жүргенін хатқа түсірген. Он мың қызыл, он мың көк түсті киім киген аңшылар, ханмен бірге саятқа шығады екен. Бұлардың ішінде екі мың адам тазы мен төбет иттерді жетектеп жүретін болыпты. Күншілік жерден шеңбер құрып, аң мен құсты үркітіп қыспаққа алу сәтіндегі көріністердің ерекше болатынын да жазып қалдырған. Ал Жошы ханның айналасында үш мың қыран, Абылай ханның 500 бүркіт, 300 қаршыға, сұңқар ұстаған құсбегілері туралы да деректер баршылық.
Орта ғасырда саятшылық өнерді ерекше құрметтегендер туралы әңгіме қозғалса, оның көш басында көшпенділер тұр. Себебі, құсбегілік көшпенділер өмірінде үлкен рөл атқарған екен. Түбіміз бір делінетін түрік сұлтаны І Баязидтің (1354-1403) 6000 сұңқаршысы болған көрінеді. Ал атақты Бабырдың (1483-1530) «Бабырнама» атты кітабында саятшылық жайлы ой таратылып, қыран құс жоғары бағаланады. «Хасан Әли Жалайыр құсбегі әрі ақын еді», дейді. «Саятшылық» деген іргелі еңбек авторлары: «Мұндағы жалайыр (жалайыр Шора) қазақ құсбегілерінің пірі екендігі тарихи сабақтастықты аңғартады», дейді. Мұны күмәнсіз дәйекті байлам деп тұжырамыз.
Көне Руссияны билегендер сұңқар бекеттерін жасақтап, құсбегілік туралы қарар қабылдаған. Мәскеу төңірегіндегі Сокольники деген жер соған дәйек секілді. Біздің мемлекетіміздің анау ғасырларда іргетасын қалаған алыптары да ұлттық үлгіге сергек қараған. Оған Тәуке ханның тұсында қабылданып, қазақтың әдет-ғұрпын тиянақтаған әйгілі «Жеті жарғыда» аңшылыққа ерекше мән берілгені мысал бола алады. Айтулы құжатта: «Аңға салатын итті, құсты, (бүркітті) өлтірген адамнан олардың иесі бір құл немесе бір күң беруді талап ете алады», делінген. Осының өзінен-ақ саятшылыққа қазақтың қаншалықты мән бергенін көру қиын болмасы анық.
Жоғарыда аталған кітаптағы мына бір деректерді келтіре кетсек дейміз: «Еуропада үлкен қызығушылыққа ие болған құсбегілік өнер аристократтардың ермегі орнында жүргенімен, жалпыхалықтық қолдауға ие болып, ХVІ ғасырда шарықтау шегіне жетті, – дейді венгр ғалымы Ласло Дьюла. – ХХ ғасырда адамзаттың технократтық өркениеті мен ату қару түрінің көптеп өндірілуі және жалпы адамзат санасының қатыгезденуі салдарынан көптеген құстармен бірге жыртқыш, аушы құстар оққа ұшып, олардың қатары сиреп кетті. Бұл тенденцияны экологиялық факторлар мен табиғатты игеру, қалалану (урбанизация) үрдісі де ушықтырып жіберді. 1905 жылы бір ғана Венгрияда 6115 бүркіт, 57923 сұңқар тектесті, 11 мыңдай үкіні атып құртқан екен». Мұндай қатыгездікке не дерсің? Табиғаттың тепе-теңдігі осындайдан бұзылады? Ал адамға жасалған арсыздықтың да кесір-кесапатын жұрт біледі.
«Атбегі – аттың тұяғына қарар, құсбегі – құстың қияғына қарар», деп тектіліктің үлгісі, басқаны былай қойғанда, Күлтегін, Білге қағаннан бастап, Абайға дейін, одан кейін де әспеттелген. Білге қаған құс бейнелі тәж кисе, Көкшегір, Қарашолақтай бүркіт баулыған, «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» деген Абай: «Қан сонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға… Бүркітші тау басында, қағушы ойда… Қыран құс көзі көріп самғағанда, Қанат, құйрық суылдап, ысқырады, Көктен қыран сорғалап құйылғанда. Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады. Жеке батыр шыққандай қан майданға, Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы», дей келіп: «Қыр – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл… Қыран бүктеп астына дәл басқанда. Құсы да, иесі де қоразданар», дейді. Қас пен көздің арасында болатын осы бір сәтті ұлы ақын өлең-суретпен бейнелегенде құсбегіліктің бүкіл болмысы мен мұндалап тұрғаны хақ. Сол дәуірдегі қазақ жақсыларының өміріне бойласаң, қыран тағдырлас болғанын, заман шетке қағып, замандасы не тындырар дейсің деп аузын баққанда астындағы атына, қолындағы құсына, ерткен тазысына мұңын шағып, бебеулеген ғой. Ақан серінің «Қараторғайы», «Көкжендеті» сөзімізге дәлел.
Саятшылдық тарихын белгілі бір жылмен шектеу артық болар. Адамзатпен бірге жасап келе жатқан кәсіп десек, қателесе қоймаспыз. «Сен-дағы жерден нәр алдың, Мен-дағы жерден нәр алдым. Біреуден сен де жаралдың, Біреуден мен де жаралдым… Сүрейік өмір алмасып», деп ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай, қыранмен қанаттасып, күн кешіп келе жатқан қазақ – қыранды бағалаудай-ақ бағалаған. Кейін ғой заманға күйлейміз деп саябырсытып алғанымыз. Оған қазақ ұлтының алтын тамыры болып саналатын салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздың шырақшысы болып, артына өлмес мұра қалдырған академик Әлкей Марғұланның мына бір толғамын оқып көрелік: «Қазақстанның көптеген ежелгі мәдени ескерткіштерінің ішінде кейінгі кезде назарға аса көп ілінбей жүрген біреуі бар дегім келеді. Ол – саятшылдық өнері… Саятшылдықтың, әсіресе, қазақ халқының тарихында, мәдени дамуында маңызы зор болғаны белгілі. Қазақ тілінде осы саясатшылдыққа байланысты туған мың жарымдай сөз бар, олар қазір де небір тарихи жазбаларда, көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Саятшылдықты халық ежелден өнердің бір түрі деп бағалаған. Оны пайда табу немесе күн көріс көзі санамаған. Біз бір кездерде қалың жұртты қайран қалдырып, талайлардың таңдайын қақтырған осынау өнердің біртіндеп сиреп, қайталанбастай болып, жоғалып бара жатқанының куәсі болып отырмыз. Саятшылдық – ғажап құбылыс, үлкен өнер, зор ғылым. Ол халық жүрегіне жол тапқан көптеген әдеби, мәдени және музыкалық шығармалар тудырды… Ал дамудың шырқау биігіне шыққан, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған біздің заманымызда сол саятшылдық жоғалып бара жатқанына қайтіп өкінбеске. Саятшылық өнер арқылы халық табиғатпен қоян-қолтық араласып, оған жақындығын сезінетін, енді осы сезім сейілсе, бір кезде дамып қанат жайған халық мәдениетінің де бір бөлшегі ұмытылғаны емес пе?» депті. Осы арада ұлы ғалымның Ахмет Байтұрсынов айтқан: «Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, Ел – бүгіншін, менікі ертеңгі үшін» деп бүгінді емес, ертеңге алаң болған көрегендігі көсемдік қой. Дәл қазір ғұламаның …«бозторғай жұмыртқалаған біздің заманымызда…», деген сөзін еске түсіріп, тәуелсіздік тұсында саятшылық өнерді әлемдік деңгейге шығарсақ, оның да алғашқы бастауы қазақ жұртында шығар деген алдағы байламымыз ақиқатқа айналатынына иманымыз кәміл.
Қазақ қыранды баптап, құмай тазыны жүгіртумен шектелген жұрт емес. Зеректігі мен зерделігінен шығар, құстың да, иесіне адал иттің де «тілін» білген. Қыран болар балапанды қиядан, ұшқыр тазыны ұядан таныған. Балапанды баулып, жетілдіріп түлекке жеткізіп түлетіп ұшырған.
Иә, құсбегілік екінің біріне ермек өнері емес. Қасиеті ерен, киесі бөлек. Ақылыңа айлаң сай болмаса, құс салып ит жүгіртемін деу бос далбаса. Құс тілін таппасаң, баулып бағын ашпасаң, тегеурінін қайырып, тұяғын мұқалтып, қияғын жұтатып, қанатын қобыратып, шақар шаңқылын қарғаның қаңқылына апаруың мүмкін.
Қазақ даласынан қыранмен бірге самғап шыққан талантты құсбегілер аз болмаған. Солардың бірегейі: «Аспанда ұша берсем қанатым талады, жерге қонсам жалайыр Шора алады», деп зар шеккен қыранның бүкіл болмысын алақанындағыдай таныған жалайыр Шора көз алдындағыны қойып, көз ұшында ұшып бара жатқан құстың қасиетін біліп, қайда қонатынын айтып, алғыр екен, алып келіңдер, не қоянға да шамасы жетпейтін жарға қонар жапалақ секілді әуре болмаңдар, дейді екен. Тіней құсбегі туралы да аңызға бергісіз әңгімелер баршылық. Оның Сарықұсы қасқыр, түлкі, бұғы, марал, аюға түседі екен. Өмірден көзі ашық өткен этнограф, саятшылық туралы сөз қозғағанда күнді күнге, түнді түнге жалғап сөз қозғайтын Жағда Бабалықұлы: «Тінейдегі қасиет – ұялас екен Сарықұспен, Шорадағы қасиет – тілдес екен бар құспен», деп отыратын. Мұндай айтулы бүркітшілер туралы айта беруге болады. Бірақ саятшылықтың құпиясын ашып, елдік