• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Желтоқсан, 2012

Жетпіс жылдан кейін үйін тапқан сурет

414 рет
көрсетілді

Жетпіс жылдан кейін үйін тапқан сурет

Сәрсенбі, 5 желтоқсан 2012 6:55

Былтыр Литва президенті Даля Грибаускайте ханым елімізге келген сапарында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ жауынгері Қабиболла Сәленовтің құжаттары көшірмелерін өз қолымен табыстады.

 

Сәрсенбі, 5 желтоқсан 2012 6:55

Былтыр Литва президенті Даля Грибаускайте ханым елімізге келген сапарында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ жауынгері Қабиболла Сәленовтің құжаттары көшірмелерін өз қолымен табыстады.

Елбасының тапсырмасымен сол кез­дегі Байланыс және ақпарат ми­нистр­лігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төр­ағасы Б.Берсебаев жа­уынгердің туысқандарын іздеуді Батыс Қазақстан және Қарағанды об­лыста­рының мұрағаттар және құжаттама басқармаларына тапсырады. БҚО мұ­ра­ғаттар және құжаттама басқар­ма­сы­ның бас­тығы Вячеслав Иночкин мен БҚО мемлекеттік мұрағатының директоры Айжан Сауғабаева бұл істі қолға алып, ізденіске Жәнібек, Бөкей ордасы, Теректі аудандық мұрағаттарын қосқан. Сөйтіп жауынгердің Жәнібек ауданында тұратын ұрпақтары анық­тал­ды. Жәнібек аудандық мұрағат директоры Ахмедияр Батырханов: «Қа­би­болла Сәле­нов 1915 жылы 20 қыркүйекте Орда ауданының Жиекқұм ауыл­дық кеңесіне қарайтын Жұлдыз елді мекенінде туған. 1939-1940 жылдары Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданын­дағы педагогикалық училищеде сырттай оқиды. Бұған Қ.Сә­ле­новке 1939 жылы Қазақ КСР оқу ағарту халық комиссариаты берген училище­нің студенттік сынақ кітапшасы дәлел бола алады. Сырттай оқып жүрген Қабиболла 1940 жылғы 22 ақпанда Қарқаралы аудандық әскери комиссариатынан әскер­ге шақырылады. Жер­ле­сіміз 429-артиллерия полкінің 8-ба­та­рея­сының жауынгері болады. Алғы шепте болған жауынгерлер ішінде Қа­биболла да 1941 жылдың 3 шілдесінде тұтқынға түседі. Содан 1945 жылдың 9 мамырында босап шығады. Арнайы тексеруден өткесін 192-за­пастағы артиллерия полкінде қызмет атқарып, елге сол жыл­дың 28 тамызында орал­ған», деген деректер берді. Ахмедияр Қуанұлының айтуынша, Қ.Сә­ле­нов әр жылдары Жәнібек аудандық атқару комитеті жа­нындағы жол шаруашы­лы­ғында жол қызметкері, аудандық №221 жол пайдалану басқарма­сын­да жол жөндеуші, аудандық өндірістік комбинатта көлік қызметкері, аудандық мұ­най базасында жұмысшы, Жәнібек се­лолық тұтынушылар қоғамын­да, Ұз­ын­көл кеңшарында, ау­дан­дық тұрмыс­тық қамту комбинатында, аудандық ве­тери­нар­­лық дәріханада жұмыс істеген.

Қабиболла аға 1957 жылы отау құ­рады. Әйелі Кенжеға­ным Өтешева еке­уі Бегәлі, Әсия, Кенжеғали және Ғалия атты ұл-қыздарын тәрбиелеп өсір­ді. Әсия 1972 жылы қайтыс бол­ған, ал Бегәлі Татарстанда тұрады. Кен­жеғали мен Ғалия Жәнібек ауылында өмір сү­руде. Алыстан аманат арқалай келген құжаттарды соғыстың азабын тартқан жауынгердің ұрпағына Жәнібек ауданы әкімшілігі салтанатпен табыстады. Жауын­гер­дің құжаттарының арасында жүз шумақтан аса өлеңдері жа­зылған 22 беттік қойын дәптері, студенттік сынақ кітапшасы, бірнеше фотосу­рет­тері де бар.

Майдангердің ұл-қызы Кен­же­ғали мен Ғалия газет арқылы Елбасымыз бен Литваның пре­зи­денті Даля Грибаускайте ха­ным­­ға, БҚО мұрағаттар және құжат­­тама басқармасының бас­тығы Вячеслав Иночкин мен БҚО мем­лекеттік мұрағатының ди­рек­­торы Айжан Сауға­­бае­ва­ға, Жә­­­нібек ауданы­ның әкімі Берік Ес­енғалиев пен Жә­нібек аудан­­дық мұрағат директоры Ахмедияр Батырх­а­новқа үлкен ризашы­лы­ғын айтып, ал­ғыста­рын жаудыруда. «Әкеміз 1978 жылы өмір­­ден өтті. Құ­жаттары мен сурет­тері табылады деп мүлдем ойлап көр­меппіз де. Қуаны­шы­мыз шексіз. Енді сол кездегі қол­даныстағы латын қар­пімен жа­зылған өлеңдерін мамандарға оқыт­пақпыз», дейді олар.

Нұрлыбек РАХМАНОВ,

журналист.

Батыс Қазақстан облысы.