• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2012

Өткелден Өтешов те өтті

255 рет
көрсетілді

Өткелден Өтешов те өтті

Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:03

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ерлер және қыздар арасында Қазақстан чемпионаты аяқ­тал­ды. Лондон Олимпиадасына елі­міздің атынан байрақ көтеріп баратын таңдаулы се­гіз­ді анық­тай­тын сын­ға Спорт және дене тәр­биесі агенттігінің төрағасы Тал­ғат Ер­ме­гияевтің өзі арнайы кел­ді.

Олардың арасында Францияда өткен әлем чемпионатында үш­інші рет алтын тәжді киіп тұ­рып: “Лондон Олимпиадасының алтыны менікі. Басқаларыңның иектерің қышымай-ақ қойсын”, деп жаһанға жар салып кеткен біздің жалы күдірейген арыстан Илья Ильин бар.

 

Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:03

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ерлер және қыздар арасында Қазақстан чемпионаты аяқ­тал­ды. Лондон Олимпиадасына елі­міздің атынан байрақ көтеріп баратын таңдаулы се­гіз­ді анық­тай­тын сын­ға Спорт және дене тәр­биесі агенттігінің төрағасы Тал­ғат Ер­ме­гияевтің өзі арнайы кел­ді.

Олардың арасында Францияда өткен әлем чемпионатында үш­інші рет алтын тәжді киіп тұ­рып: “Лондон Олимпиадасының алтыны менікі. Басқаларыңның иектерің қышымай-ақ қойсын”, деп жаһанға жар салып кеткен біздің жалы күдірейген арыстан Илья Ильин бар.

Осы Ильин Бейжің Олимпиадасына барар тұста да “алтын менікі» деп қарсыластарының жүрегін алып қойған. Азия ойындарында да туы жығылып көрген емес. Оған көкөрім ша­ғында-ақ әлем чемпионатының алтынын алған Зүлфия Чиншанлоны, әлем чемпионатының алтындарын қос-қостан алған Майя Манеза мен Светлана Подобедованы, қа­зақ құрамасының әзірге сырт көз­ден сақтап, жабулап отырған қос жұлдызы – оңтүстікқазақстандық Арли Чон­тейді, ақтөбелік Фархад Харкиді қосыңыз. Сегіз жолда­маның екеуін есептемегенде, осы айдарлы алтаудың қай-қайсысы да алтын медаль үшін бәсеке­ле­суге әбден лайық.

Солай болды да. Зүлфия Чиншанло жұлқи және серпе көте­руде алты кезегінде мүлт кеткен жоқ. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша әлем рекордын жаңар­ту­ға әбден дайын, жүйкесі темір­дей. Өте сабырлы.

Ал Майя Манеза сасқалақтап қалды. Оған Бейжің олимпиада­сының күміс жүлдегері, спортқа еңбек сіңірген шебер Ирина Некрасова айтарлықтай қарсылық көрсетті. Майя жұлқи көтеруде 107 келіге тапсырыс бергенде, Ирина 112 келі сұрады. Майя 115 келімен тоқтады. Ирина 121 келі көтеріп кетті. Бақандай 6 келі артық. Манеза серпе көте­руде мықты дегеніңізбен, Ирина орташа салмақты алып жатса, құрама бапкерінің екіұдай күй кешетін­дігі анық. Басынан аса секіруге Иринаның тәуекелі жетпеді. Серпе көтеруде ол 136 келі, Майя Ма­неза 140 келі сұрады. Әрі қа­рай белгілі, Майя 145 келі көтер­генде Ирина 142 келіні екі кезе­гінде де көтере алмай, салы суға кетті. Қоссайыс қорытындысы бойынша Майя Манеза үздік шықты.

Светлана Подобедоваға да оңай болған жоқ. Жұлқи көте­ру­де 125 келі сұрап, кеудеге қон­ды­рар тұста тастап жіберді. Бұл пси­хологиялық тұрғыдан өте қиын. Спортшының тауы шағы­лып қалады. Екінші кезегінде 125 келі көтергенімен, Света 130 ке­ліні бағындыра алмады. Есе­сіне серпе көтеруде өзін судағы ба­лық­тай еркін сезінетін қызы­мыз 165 келі көтеріп, әлем рекордын жаңартты.

Қыздар арасындағы төртінші жолдама иесі 120 келі тартатын Мария Грабовецкая мен салмағы 72 келі Анна Нұрмахамедованың сайысында анықталды. Мария өзін көрсете алмады, әрі әлемдік рейтинг бойынша да Аннадан көш төмен. Енді Нұрмаха­медо­ва­ға өзін өзі қамшылауға уақыт баршылық.

Ерлер арасында өзін еркін көр­сеткен оңтүстікқазақстандық Арли Чонтей болды. Бойы аласа, бірақ, қорғасындай мығым Арли алты кезегінде мүлт кеткен жоқ. Ал Фархад Харкиге психо­логия­лық жағынан әлі де көмек керек секілді. Күш бар, техника бар, сәл асығыңқырап кетеді екен. Әлем чемпионатының қола жүл­дегері, шығысқазақстандық Владимир Кузнецов бабында емес.

96 келі салмақта қос жолдама сарапқа салынатындықтан, төрт жігіт ақырына дейін қаржысты. Илья 180 келі көтергенімен, 187 келіні бағындыра алмады. Үшін­ші кезегінде 188 келіні ал­ғаны­мен, аяғынан нық тұра ал­маған. Төрешілер есептеген жоқ.

Алмас Өтешов 180 келіні екі кезек ала алмай, үшіншісінде кө­теріп кетті. Илья мен Алмастың қызылордалық жерлесі Александр Зайчиков 181 келімен тоқ­тады. Әлем чемпионы, Алматы облысы­ның үкілі үміті Владимир Седов жұлқи көтеруде айды ас­панға шы­ғарды. 187 келі көтер­ді. Ильядан 7 келі артық. Бірақ, бұл жі­гітіңіз де жүйке жағынан мақ­тана алмайды екен. Спортшы­лардың тілімен айт­қанда, “жанып кетті”. 217 ке­ліге тапсырыс беріп, үш кезегінде де басы салбырап кеткен Седов Олимпиада жолдамасынан осылайша күдер үзді. Илья 225 ке­лі­ден кейін 230 келіні еркін тол­ғап, жолдаманы жан қалтасына басты.

Серпе көтеруде поляк Симон Колецкидің әлемдік рекорды 232 келі. Ильяның күші еркін жетіп тұрғанымен, артық тәуекелге бармады. Онысы да дұрыс-ау.

Енді соңғы жолдама Александр Зайчиков пен Алмас Өте­шовтің арасында сарапқа түсті. Александр 220 келі көтергенде Алмастың қор­жыны бос кеткен. Екінші ке­зегінде алды. Александр 224 келіні екі толғағанда ала алмай, болдырып тоқтағанда Алмас 225 келі көтеріп кетті. Біздің бұл бауырымызда күш дегеніңіз жетеді. Аз-кем жетпей жатқаны жанкешті жаттығу мен темірдей жүйке. Әйтпесе, 225 келіні еркін еңсерген бұла жігіттің алғашқы кезегінде 220 келіні көтере алмауын қалай түсіндіресің.

Сонымен, чемпионат аяқтал­ды. Спорт және дене тәрбиесі агент­ті­гінің төрағасы Талғат Ер­мегияевті әңгімеге тарттық. Тал­ғат Амангел­діұлы Лондонда кемі үш алтын бастаған он үш медаль күтіп отыр­ғандарын айтты. Ауыр атлеттердің бабында екендігіне көңілі тоғай­ған.

Бақтияр ТАЙЖАН,

“Егемен Қазақстан”. 

ТАЛДЫҚОРҒАН.