• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2010

“ҚАЗАҚМЫСТЫҢ” ҚАМҚОРЛЫҒЫ

658 рет
көрсетілді

Облыстық әкімдікпен жасалған меморан­думға орай “Қазақмыс” корпорациясы биылғы жылы бірқатар міндетті мойнына алып отыр. Соған орай қамқорлық негізінен аталған корпорацияға қарасты кәсіпорындар жайғасқан өңірлерге жасалмақ. Айталық, кен байыту комбинаты жұмыс істеп жатқан Жезкентте сауықтыру кешені, жүзу бассейні және мәдениет үйі қайта жөнделіп, қатарға қосылмақ. Мұның сыртында аудан орталығы Бородулиха мен кеншілер қалашығы арасын­дағы жол жөндеуден өткізілмек. Атағынан ат үріккендей үлкен кәсіпорын, сондай-ақ мұның сыртында Глубокое ауданында екі балабақша салып беруге міндеттеніп отыр. Семейде бұрнағы жылы үш мың орындық орталық мешіт құрылысы басталып кеткен еді. Өкінішке қарай, дағдарыс салдарынан оның құрылысы тоқырап тұрып қалған. “Қазақмыс” ұлылар еліндегі сол мешіттің құрылысына деп 100 миллион теңге бөлген көрінеді. Ол, әрине мұндай үлкен мешіттің барлық қажетін толықтай жабуға жетеді деп айта алмаймыз. Солай дей тұрғанмен, көп түкірсе көл болады демекші, мұны да дәтке қуат дейік. Қалай десек те, осындай алып кәсіпорындардың шалғайдағы өңірлерге көңіл бөле бастағанына қайтіп қуанбассың. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.