• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы 13 Қаңтар, 2017

2016 жылы қазақстандықтар азық-түлікке 2,7 трлн теңге жұмсаған

5827 рет
көрсетілді

2016 жылы Қазақстандағы бөлшек сауда кәсіпорындары 7,6 трлн теңгенің тауарын сатқан. Бұл туралы статистика комитетінен хабарлайды.

Бір жыл ішінде қазақстандықтар 2,7 трлн теңгеге (35,7% бөлшек сауда) азық-түлік, 4,9 трлн теңгеге азық-түлік емес тауарлар (64,3% бөлшек сауда) сатып алған.

2015 жылмен салыстырғанда өткен жылы тамаққа кеткен шығындар 22,7%, азық-түлік емес тауарларға кеткен шығын 19,9%-ға артқан.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі ірі сауда орындары 53,8%-ды (4,1 трлн теңге), ал жеке кәсіпкерлердің оның ішінде базардағы саудагерлердің  үлесі  46,2%-ды (3,5 трлн теңге) құрайды.