• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2019

Атақты жылқышыға сыйға тартылған үйге ескерткіш тақта орнатылды

1022 рет
көрсетілді

Алматы шаһарында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама­сының аясында кезекті бір айрықша мәдени шара өтті. Бұқар Жырау мен Ғабит Мүсірепов көшелерінің қиылысындағы көп қабатты №16 үйдің қабырғасына Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Нәдір Жәқияұлы Биғазиевке арналған ескерткіш тақта орнатылды. Сәуірдің сіркіреген жаңбыры астында таби­ғат мінезін тіптен де тосырқамаған қауым жасалған бұл құр­­­­метке ризашылықпен қол соқты. Сонымен Нәдір Биғазиев кім?

Оған игілікті шараны ашып, тұрғындардан алдымен сүйінші сұраған Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахеттің сөйле­ген сөзінен жауап іздеп көрейік. «Ғылым мен мәдениеттің, өнер­дің ордасына айналған ару  Алма­тымызда халқымызға еңбегі сің­ген небір тұлғалардың есімдері құр­мет­пен аталып тұратын игі дәстүр бар, – деді белгілі ғалым-ке­ңесші. – Бүгінгі салтанаттың бір ерекшелігі сол – ауылда өсіп, ауыл шаруашылығын өркен­­детіп, ауыл­­дың жайын күйттеген арда азаматымызға сол кездегі астанамыз Алматыда неліктен соншама құрмет көрсетілді екен дей­­­­­сіз? Шын­туайтында нағыз ең­бек майталмандарына кеше де, бүгінде де лайықты көңіл бөлініп ілипат көрсетілген, көр­сетіліп келеді де. Ендеше, кіл өнер мен мәдениеттің, ғылым­ның мар­қас­қалары қат­а­рын­да астанамыз Алматыдан сол кезде ауыл адамына үш бөлме­лі пә­­­тердің тегін берілуі тектен тек емес, ұлы­ ең­бек­тің өтеуі деп ұғы­­­­ну­мыз ке­рек».

Құрығы құтты жылқышының ұлы, ауыл шаруашылығы ғы­­­лым­­­да­рының докторы Нұрға­ли Би­ғазиев қала әкімі кеңесші­сінің са­лиқалы сөзін былай сабақтас­тырды.

– 80-жылдардың басында ел­ аралауға шыққан Қазақ­стан бас­шысы Дінмұхамед Қо­наев атақты «Луговой» асыл тұ­­қымды жылқы зауыты­на ат ба­сын іркеді. Ауыл еңбек­шіле­­рімен жылы шырайлы кез­­десу барысында Димекең әкеміздің еңбек көр­сеткішіне қат­ты сүй­сініп бас шай­қағаны бар екен. Сонда, «Ай­налайын Нә­дір, өр­кенің өссін, маң­дай терің ақ­тал­сын, өзің тұр­масаң да өсіп келе жатқан шиеттей бала-шағаң бар екен, кәдеңе жа­ратарсың», – деп Есен­­тай өзенінің жағасынан осы үш бөл­мелі үйді сыйға тартқан. Ағайынды он баланың дені осы үйде өстік-өндік. Игі іске тікелей қолдау көр­сетіп, қам­қор болған қала бас­­шылығына мың да бір рахмет. Бүгін, міне, әкеміздің ру­­хы,­ ел қамын жеген абыз аға­л­а­­ры­­мыздың құрметі үшін жа­са­­­лып жатқан үлкен тари­хи оқиғаға баршаңыз куә бол­ды­ңыздар.

– Еліміз етек-жеңін жинап, Тәуел­сіздік туын көтерген тұс­­та Нәдір  ағамыз билік орындарына өтініш жасап ауылымыз­да алғашқы мешітке орын тауып, оның алғаш­қы тасын өз қолымен қалап еді, – деді Көк­дөнен ауы­лы­нының имамы Қайрат қа­жы. Ауылда да, Алматыда да ай­­шық­­­ты ізі сайрап жатқан Со­циа­­­­листік Еңбек Ерінің, КСРО Ком­­партиясы ХХVІ сьезінің  де­ле­гаты даңқты жылқышының ел игілігі үшін еткен ерен еңбегі туралы салтанат барысында Қа­зақстан Республикасының Мә­дениет қай­рат­кері Қыдыралы Қойтай, ішкі істер саласының ар­дагері, полковник Сатымбек Рыс­паев және басқа да азаматтар қызықты естелік-ойларын ор­таға салды. Белгілі айтыс ақыны Се­рік Қали жырдан шумақ шаш­ты.

Тарихқа бай мыңжылдық жасы бар Алматының мұрағаты бүгін тағы бір айтарлықтай құн­ды дерекпен, құжатпен, оқи­ғамен толықты.

 

АЛМАТЫ