Бас жүлде үшін «Рубин» командасымен талас жүргізіп жатқан кеншілер өз мұзайдынында 3:2 есебімен басым түсті.
Осылайша, жалпы есеп әзірге 3:1 «Сарыарқаның» пайдасында. Енді қарағандылықтарға бас жүлде алу үшін 24 сәуірде Түмен қаласында жеңіске жетсе болғаны.
Алмас МАНАП,
«Egemen Qazaqstan»