• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Сәуір, 2019

Алғашқы күн табысты болды

686 рет
көрсетілді

Кеше Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте велошосседен құрлық біріншілігінің шымыдлығы түрілді.

  Жарыстың алғашқы күні-ақ жерлестеріміздің қанжығасы майланды. Құрамында Юрий Натаров, Жандос Бижігітов, Дмитрий Груздев, Артем Захаров, Евгений Гидич және Даниил Фоминых сынды сайыпқырандары бар еліміздің ерлер құрамасы бас жүлдені олжалады. Ал қыздарымыз күміс медальді мойындарына ілді. Бұл команданың сапында Наталья Сайфутдинова, Амилия Ысқақова, Фаина Потапова, Махаббат Үмітжанова, Виктория Пастарнак және Жанерке Санақбаева өнер көрсетті.

Алда әлі бірнеше жарыс күні бар. Сол бәсекелерде қоржынымыз тағы бірнеше медальмен толығады деп үміттенеміз.