• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2019

Солтүстік Қазақстанда «Бала дауысы» байқауы өтті

888 рет
көрсетілді

«Бала дауысы» ұлттық балалар байқауының төртінші маусымының іріктеу кезеңіне өңірден 102 үміткер қатысып, бақ сынады.

8  бен 12 жас аралығындағы жас өрендер арасында таланттыларды анықтау мақсатымен ұйымдастырылған кастинг бұған дейін он өңірде мәреге жетіп,  ең үздіктері ақтық сайысқа жолдама алыпты. «Қатаң талаптан іркілмей өткен балдырғандар супер финалда өнер көрсетеді. Одан бағы  жанғаны  музыкалық оқу  орнына арналған білім грантымен қоса Диснейленд ертегілер еліне саяхат жасау  бақытына ие болады», дейді байқаудың менеджері Толғанай Хасен.

Қазылар алқасының мүшелері бағын сынауға келген жас балғындарға кастингтің ережелері мен шарттарын түсіндіргеннен кейін талапкерлер үш тілде әуелете ән шырқап, ән айту шеберліктерін, қарым-қабылеттерін көрсетуге ұмтылды.

Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті-Елбасы қорының қолдауымен  «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырған өңірлік ән байқауы  жас таланттардың шығармашылық қабылет-қарымын танытуға жан-жақты мүмкіндіктер берді.  Петропавл қаласындағы № 2 мектептің оқушысы Дана Бәскенова іріктеу кезеңінің жеңімпазы болып танылды. Ол енді  Алматыда өтетін ақтық сайыста облыс намысын қорғайтын болады.

Солтүстік Қазақстан облысы