• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Сәуір, 2019

«Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мәлімдемесі

2347 рет
көрсетілді

«Қазақстанның іскер әйелдер қауым­дастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Nur Otan партиясының ХІХ съезінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кан­дидатурасының ұсынылуына қолдау біл­діретіні жөнінде арнайы мәлімдеме жариялайды.

Қазіргі таңда қауымдастыққа 5 мың­нан астам адам мүше. Соңғы екі жылда қа­уым­дастық мыңнан астам түрлі шаралар ұйым­дастырды. Бұл шаралар әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталды. Сондай-ақ ұйым тарапынан еліміздің 25 мыңнан астам тұрғынына көмек көрсетілді.

Мемлекет шағын және орта бизнеске барлық жағдай жасап отыр. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы шағын және орта бизнес саласындағы әйелдердің үлесі 44 пайызды құрады. «Жұмыспен қам­тудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында әйелдер еңбек нарығының талабына сай біліктіліктерін жетілдіруде.

Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингі бойынша соңғы 10 жылда 64-орыннан 36-орынға көтерілді.

Еліміз тәуелсіздіктің алғашқы сәттерінен бастап гендерлік саясатқа, әйелдер мен балаларды қолдауға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға баса назар аударып келеді. Қазақстан гендерлік теңгерім бойынша 140 елдің арасында 44-орында, ал әйелдердің экономикалық жағдайы бойынша 30-орында тұр.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген салиқалы саясаты арқасында тәуелсіз еліміз мықты мемлекет болып қалыптасты. Бізді әлем мойындады.

Біз, кәсіпкер әйелдер, барлық отандастарымызды 2019 жылдың 9 маусымында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

 

«Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» РҚБ

 24 сәуір, 2019 жыл