• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Сәуір, 2019

Парасаттылыққа негізделген шешім - Арсений Сивицкий

821 рет
көрсетілді

Қазақстандағы маусым айына белгіленген президент сайлауы ішкі және сыртқы жағдайлар есепке алынған стратегиялық қадам деп есептеймін. Сондықтан сайлауалды және сайлау үдерісі мемлекеттің ішкі заңдары мен халықаралық қоғамдастықтың талаптарына сәйкес ашық және шынайы өтуде.

Ал сайлаудың мерзімінен бұрын өт­кізілуіне ішкі және сыртқы саяси, эко­но­микалық жайлылық, тұрақтылық әсер еткені анық. Қазір біз Қазақстан экономикасының 2014, 2017 жылдардағы шикізат бағасының төмендеуінен, энергия көздері құнының құбылуынан туындаған дағдарысты еңсеріп, тұрақталғандығын көріп отырмыз. Бұл өз кезегінде экономикалық даму тұрғысынан елдің ілгері серпілуіне жол ашады. Ал 2020 жылы жағдайдың қалай боларына жорамал жасау қиын. 

Сондықтан да сайлауды мерзімінен бұрын өткізу – стратегиялық ілкімді қадам. Ал Nur Otan партиясы тарапынан додаға қосылған Қасым-Жомарт Тоқаев – білікті басқарушы, халықаралық дәрежедегі кәнігі дипломат ретінде танылған тұлға.

Өмір жолында атын кір шалмаған мұндай тұлғаның президенттік лауазымға ұсынылуы қисынға келетін және ақылмен келісілген шешім болды деп есеп­теймін. 

Осы орайда Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның негізін қалаушысы ретінде елдің әрі қарайғы стратегиялық дамуына жол салып, өте парасаттылық пен даналықтың үлгісін көрсеткендігі ерекше айтып өтуге тұрарлық. 

 

Арсений СИВИЦКИЙ,

Стратегиялық және сыртқы саяси зерттеулер орталығының директоры, (Беларусь, Минск)