• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Руханият 25 Сәуір, 2019

«Kitap Fest - 2019» кітап фестивалі өтті

1385 рет
көрсетілді

Қазалы аудандық орталық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Kitap Fest – 2019» кітап фестивалі өткізілді.

Фестиваль барысында №1 Қазалы қалалық кітапханасының Алтын қоры таныстырылды. Сонымен қатар, кітап қорынан жасалған кітап инсталляциясы, «Ғаламтор және кітап-ғұмыр» атты қойылымы, «Даналық ағашы» сұрақ-жауап танымдық ойыны, «Кітаптан берілген шабыт» атты 6-9 сынып оқушылары арасында арнайы тақтада сурет салу байқауы сынды қызықты шаралар ұйымдастырылды.

Кітап фестиваліне зиялы қауым өкілдері, жастар, кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары, аудан тұрғындары қатысты.