• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Руханият 25 Сәуір, 2019

Қазақстан туралы сандық энциклопедия жарыққа шықты

853 рет
көрсетілді

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» жаңа мобильді қосымшасын ҚР Сыртқы істер министрлігі ұсынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы – география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстан жайлы  ықшам энциклопедия. 

Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D-нысандар, панорамалар, инфографикалар, интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынылған. 

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер және бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болмақ.