Бокстан Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық сайысында тағы екі салмақ дәрежесі бойынша алтын тұғырға көтерілген боксшылар анықталды.
64 кило салмақ дәрежесінде тәжікстандық Баходир Усмоновтың бағы жанды. Ақтық сында ол иорданиялық Обада Мұхаммед Мұстафа Алхазбектен айласын асырды. 69 кило салмақта өзбекстандық Бодо-Усмон Батуров пен жапониялық Менсах Оказава айқасты. Бұл бәсекеде өзбек жігіті жеңімпаз атанды.