• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2013

Мәссаған!

396 рет
көрсетілді

Мәссаған!

Сенбі, 18 мамыр 2013 1:11

ОН ҰШҚЫШ ОРНЫН БОСАТТЫ

Қазақстанда 2012 жылы жүргізілген ұшу алды тексерісінің қорытындысында 300-ге жуық адам, соның ішінде 10 ұшқыш әуе жолдарына шығу құқығынан айрылған. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады.

«Қазақстан азаматтық авиация комитетінің ақпаратына қарағанда, 2012 жылы ұшу алды медициналық тексерісінің нәтижесінде 296 адам ұшудан босатылған», – делінген хабарламада.

 

Сенбі, 18 мамыр 2013 1:11

ОН ҰШҚЫШ ОРНЫН БОСАТТЫ

Қазақстанда 2012 жылы жүргізілген ұшу алды тексерісінің қорытындысында 300-ге жуық адам, соның ішінде 10 ұшқыш әуе жолдарына шығу құқығынан айрылған. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады.

«Қазақстан азаматтық авиация комитетінің ақпаратына қарағанда, 2012 жылы ұшу алды медициналық тексерісінің нәтижесінде 296 адам ұшудан босатылған», – делінген хабарламада.

Ұшуға шығуға тыйым салынғандар арасында әуе кемелерінің 10 ұшқышы бар. Бұлардың 3-еуі «Air Аstana», 3-еуі «SCAT» авиакомпанияларынан, тағы 2-еуі басқа компаниялардан болып отыр. Сондай-ақ 2 авиадиспетчер мен 284 борт серігі осы тізімнен орын алған.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

________________

 

АЛДАМПАЗҒА АЛДАНҒАНДАР

Алаяқтықтың қулығына құрық бойламауына көп ретте алданғыштар өзі кінәлі болушы жайлар аз ба!? Ал Теміртауда болған мына оқиға кей азаматтар аңғал-саңғалдығының соншалықты салғырттығына қайран қал­дырмай қоймайды. Өйткені, бірлі-екілі емес, бірнеше адамның бірдей жұмысы, тұрағы белгісіз әйелдің сан соқтыруына түсіп, ақырында берген уәдеден де, ақшадан да айрылуын айтқалы отырмыз.

Сонымен бұл не жай десек, өзін түрлі думандарда кездесушілерге, сөйлесушілерге қалалық білім басқармасының жауапты қызметкерімен деп таныстырып, жабыса кетуші бұл жүзіктің көзінен өткендей келіншектің әңгімесі әдетте баланы балабақшаға орналастыруға көмек ти­гізе алуымен түйінделетін болыпты. 5 мыңнан астам бүлдіршін арнаулы орында тәрбиеленуге кезекте тұрған қаланың қай тұрғыны мұндай ұсынысқа елеңдемей тұра алсын. Әйел шаруаның ретін келтіруге 50-75 мың теңге төленсе болғаны қалаған балабақшаға жолдама қолға тиетіндігін айтып, сол үшін тиісті құжаттар көшірмесін тездетіп әкелуді қайта-қайта ескертіп, одан сайын сенуге еліктіріп қояды екен. Ақшаны алақанына салушыларға мөр басылған, қол қойылған жолдама тие де қалатын болған. Бірақ ол жасанды екені анықталып, алданушылар арыз түсіргенше уәдеші ізін суытып отырған.

Өзін әрқайсысына әртүрлі есіммен таныстырған, әзірге аты-жөні де толық анық емес әлгі әйелге іздеу салынды. Одан осылайша ашықауыздықпен опық жегендерге не деуге болады?!

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ТЕМІРТАУ.

__________

 

ЖӨРГЕГІНДЕ ЖЕР ЖАСТАНДЫРДЫ

Облыс орталығындағы пәтер­­­лер­­­дің бірінен жаңа туған шақа­­лақ­тың өлі денесі табылды. Петропавл қа­лалық ішкі істер бөлімінің қыз­мет­­­керлері оны целлофан пакетке са­­­­лып, тұншықтырып өлтіргенін анықтады.

Өз нәрестесін туа салысымен жөр­­гегінде жер жастандырған қатыгез ана көп ұзамай құрықталды. Тексеру амалдары барысында оның 2011 жылы қыз бала туып, балалар үйіне тастап кеткені белгілі болды.

Енді ана санатында жүрген қатыгез жанның заң алдында жауап беруіне тура келеді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Петропавл қаласы.