• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Театр 06 Мамыр, 2019

Ауыл режиссерлері шеберлігін шыңдады

1192 рет
көрсетілді

Орал қаласында Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының халықтық театр және көпшілік шаралары режиссерлеріне арналған «Кеңістік. Режиссура. Қолтаңба» аймақтық шеберлік сағаты өтті.
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қа­зақ драма театрында өткен бір апта­лық шеберлік сабағына елі­міз­дің батыс аймағындағы 5 облыс өкілдері қатысты. Ауыл-аудан­дардағы халық театр­ла­рының режиссерлері және көп­ші­лік шараларды ұйым­дас­ты­рушы мамандар үшін бұл сабақ­тар өте пайдалы болды. Ауыл режис­серлерінің алдында белгілі маман, М.Әуезов атын­дағы Қазақ мемлекеттік ака­де­миялық драма театрының қою­шы режиссері Дина Жұмабай мен Оңтүстік Қазақстан мемле­кет­­тік университеті «Өнер» ка­фед­расының оқытушысы, Шым­кент қаласы әзіл-сықақ және сатира театрының қоюшы режис­се­рі Самат Алтаев дәріс оқып, практикалық сабақ өткізді. 

Ауыл өнерпаздары Дина Жұмабайдың «Қазіргі театр­да­ғы классика жанры», «Қа­зір­гі театр режиссурасы», «Станис­лавс­кий­ден Мейер­холь­дқа дейін» та­қырыбындағы дәрістерін қы­­зыға тыңдады. Ал Самат Алтаевтың «Бұқаралық іс-шара ұйымдастырудағы режиссерлік интерпретация», «Қоғамдық ма­ңызды ресми мерекелерді ұйым­дас­тыру», «Ұлттық және дәстүрлі шаралар, заманауи шаралар», «Көпшілік мәдени тынығу жұ­мыс­­тарындағы режиссерлік ұста­­ным, этика, қолтаңба», «Мем­­ле­кет­тік ресми мерекелерді ұйым­дастырудағы режиссерлік көз­қарас» тақырыбындағы тре­н­инг-сабақтары елді мекендерде көпшілік шараларды ұйым­дас­ты­ру жөнінде таптырмас көмек болды.

– Шараға барлығы 24 режиссер қатысты. Шеберлік сағаты ауыл режис­серлері үшін шын мәнінде даму, шығармашылық тәжірибе алмасу алаңы болды. Кә­сіби біліктілігін өсіріп, ше­бер­лігін шыңдап, заман талабына сай өзін-өзі дамытуға сеп деп ойлаймын. Шақырылған тренерлер тыңдаушыларға дайын сценарий бермей, соған жету жол­дарын, тақырыпты игеру әдіс­те­рін айтты. Өте пайдалы кездесу болды, – дейді осы шараны ұйымдастырушы Батыс Қазақстан облыстық халық шы­ғар­машылығы орталығының көр­кемдік жетекшісі, режиссер Арай­лым Ихсанова.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 11 халық театры жұмыс істейді. Ауыл режиссерлерінің семинарға қатысу шығынын аудан­дық мәдениет бөлімдері кө­терген. Бір апталық шара со­ңында қатысушыларға арнайы серти­фикаттар табысталды. Батыс Қазақстан облысы