Алдағы Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Алматы әкімдігі ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға 250 мың теңгеден бөлді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер хабарлаған болатын.
«Алматы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі №347 бұйрығына сәйкес ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне 250 мың теңгеден бір реттік әлеуметтік көмек қарастырылған», – делінген хабарламада.
Алматыда тұрып жатқан 267 ҰОС ардагеріне 66 750 мың теңге бөлінген. Ал одан басқа санаттағы азаматтарға төлем төмендегідей болмақ.
ҰОС ардагері мен мүгедектеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген жандарға, соғыста көз жұмған немесе із-түссіз жоғалған сарбаздардың жесірлеріне, Ауған соғысы кезінде қайтыс болған, ауыр жарақат алған, жоғалып кеткен сарбаздардың қайта тұрмыс құрмаған жесірлері мен ата-анасына 50 мың теңгеден берілмек.
АЛМАТЫ