Кәсіпкерлер палатасы мамандарының айтуынша, бұл – кәсіпкерлер үшін таптырмайтын мүмкіндік.
Кәсіпкерге түрме аумағынан тегін өндіріс алаңдары берілмек. Екіншіден, арзан жұмыс қолы бар.
Облыс әкімдігі осы келісім түзету мекемелерінің аумағында күнделікті тұтынуға және тұрмысқа қажетті заттардың жасайтын «қарапайым заттар экономикасының» өндірісін дамытуға болатынын жеткізді.
Сонымен бірге, өңірде 16 жүйе құраушы компания, мыңға жуық өндірістік кәсіпорындар бар. Енді осы кәсіпорындар айналасында шағын өндірістер құруға болады.
Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Дәулет Ысқақовтың айутынша, сотталғандардың көпшілігі түрлі кәсіп иелері.
Кәсіпкердің сұранысына сәйкес техникалық мамандықтарға оқытуға да болады.
Қазір облыс орталығындағы АП 162/2, 162/3, 162/4 түзеу мекемелерінде техникалық колледждер жұмыс істеуде.
Өндірістің ерекшелігіне қарай сотталғандарды слесарь-жөндеуші, металл жонушы, көлік жөндеуші, жиһаз шебері сияқты мамандықтар бойынша оқытады.
Жалпы, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің сотталғандарды еңбекпен қамту қызметінің мәліметінше, өңірде 2 мың адам жазасын өтеуде.
Ал, түрмелер аумағында 6 мың шаршы метрден астам өндіріс алаңы бос тұрған көрінеді.