Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) бұл күндері осы ұйымның қанатының астында жұдырықтасып жүрген кәсіпқой боксшылардың рейтингін жаңартты.
Қазақстанның былғары қолғап шеберлері арасында ең үздік нәтиже әлі де Геннадий Головкинге тиесілі. Даңқты отандасымыз орта салмақ дәрежесіндегі дүлдүлдер арасында әлі де көш бастап тұр. Өткен аймен салыстырғанда Мейірім Нұрсұлтанов пен Жәнібек Әлімханұлы біраз жоғарлаған екен. Қазіргі кезде Мейірім – 24, Жәнібек – 26 орындарды еншілеуде. Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедовтің де аяқалысы қуантады. Бұл күндері ол 18 орында иеленуде. Сондай-ақ, жоғарыда аталған ұйыммның жаңартылған рейтингінде Батыр Жүкенбаев (бірінші орта салмақ) – 21, Садриддин Ахмедов (бірінші орта салмақ) – 31 және Айдос Ербосынұлы (орта салмақ) – 32 орынға табан тіреп тұр.