• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2019

Полицейлер «Отбасы күнін» атап өтті

1318 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Полиция департаменті отбасылық институтын, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде және қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау аясында «Халықаралық отбасы күні» мерекесін атап өтті.

Атаулы мерекеге орай полиция қызметкерлерінің отбасылары арасында аналар арасында қол күресі, әкелер арасында гір тасын көтеру, отбасылық арқан тарту сынды 3 кезеңнен тұратын «Көңілді старттар» жарысы, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Көңілді сайыстар нәтижесінде жалпыкомандалық есепте 1 орынға Джамаловтар отбасы, 2 орынға Амирбековтер отбасы, 3 орынға Исмайловтар отбасы ие болды. Сондай-ақ, аналар арасында, әкелер арасында өткен сайыстар жеңімпаздары анықталып, барлық жеңімпаздары Департамент бастығы Қ.Таймерденов құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.