Алматы әкімі Twitter желісіне қалада таяу уақытта 10 электроавтобус пайдалануға берілетіні туралы жазды.
«Қала экологиясын жақсарту үшін электр көлігін енгіземіз. Үш буындағы электроавтобустарды құрастыратын қазақстандық-германиялық-гонконгтық зауыт ашылды. Алматыда жассалған алғашқы 10 автобус жуырда бағытқа қойылады»,- деп жазылған шаһар басшысының жазбасында.
Еске салсақ, еліміздегі ең алып мегаполистің автобус паркі 80 пайызға жаңартылған болатын.